Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министірлігі Мәдениет комитетінің «Қазқайтажаңарту» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Бас директорының бос лауазымына конкурс өткізу туралы хабарлама
1.Конкурстың өткізілетін күні мен орны:
Конкурсқа қатысуға үміткер адам конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде www.e-qazyna.kz веб-порталында ресімделген және ЭЦҚ пайдалана отырып қол қойылған конкурсқа қатысу туралы өтінішті қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндемемен қоса электрондық нысанда ұсынады.
Конкурс қатысушыларына әңгімелесу өткізу күні қосымша хабарланады. Әңгімелесу онлайн түрде жүргізіледі. Байланысуға сілтеме қатысушыларға қосымша хабарланады. Толық ақпаратты +7 (7172) 74-04-59 телефоны бойынша алуға болады.
2.Орналасқан орны, пошталық мекенжайы, телефонын көрсете отырып, Кәсіпорынның атауы, оның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министірлігі Мәдениет комитетінің «Қазқайтажаңарту» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (әрі қарай - Кәсіпорын) Алматы қаласы, Медеу ауданы, Гоголь көшесі 37 үй мекен-жайында орналасқан, тел. 8 (727) 382-42-81, email: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра..
Кәсіпорын қызметінің мәні - тарихи және мәдениет ескерткіштерін консервациялау, қайта жаңарту, қайта жасау, жөндеу және бейімдеу жөніндегі жұмыстарды орындау болып табылады.
3. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау, гуманитарлық пәндер бойынша, тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдер даярлау) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе бизнес, басқару және құқық және/немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы (сәулет, құрылыс, машина жасау) және/немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және/немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмысы) бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;
Республикалық, облыстық маңызы бар, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалалардың, астананың реставрациялау жұмыстары ұйымдары үшін: Мәдениет саласында немесе басшылық лауазымдарда 5 жылдан кем емес, немесе Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін 5 жылдан кем емес, немесе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша немесе Жұмыс органы бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарын аяқтаған адамдар үшін және кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау, гуманитарлық пәндер бойынша, тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдер даярлау) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе бизнес, басқару және құқық және/немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы (сәулет, құрылыс, машина жасау) және/немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және/немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмысы) бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін мәдениет саласында немесе басшы лауазымдарда 4 жылдан кем емес. Білуге тиіс:
Конституцияны;
Бюджет кодексін;
Еңбек кодексін;
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін;
"Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", "Мәдениет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Мемлекеттік сатып алулар туралы", "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын;
дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету қағидаларын;
ішкі еңбек тәртіптемесінің, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптарының тәртібін.
4. Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді ұсыну мерзімі
Конкурсқа қатысуға үміткер адамдар үшін құжаттарды қабылдау www.e-qazyna.kz веб-порталында конкурс өткізу туралы хабарламаның жарияланған күннен кейін 7 (жеті) жұмыс күні өткен соң аяқталады.
5. Конкурсқа қатысуға үміткер адамдардан құжаттар қабылдау басталатын күн www.e-qazyna.kz веб-порталында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап айқындалады. Конкурсқа қатысуға үміткер адамдар үшін құжаттарды қабылдау www.e-qazyna.kz веб-порталында конкурс өткізу туралы жарияланған күннен кейін 7 (жеті) жұмыс күні өткен соң аяқталады.
Сыбайлас жемқорлық - бұл қызмет дәрежесінде жеке мақсатқа қол жетізу үшін өз дәрежесін асыра пайдалану деп білемін. Осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны жас ұрпақ тәрбиесіне зиян болатындығы бәрімізді алаңдатады. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен кесірін тигізеді. Яғни, осы келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мәселе екендігі айқын. Қызмет дәрежесінде - сыбайлас жемқорлық бұл қоғамның бақытты болашағын тежейді, еліміздің халықаралық беделіне нұқсан келтіреді, жұртшылықтың заң мен әділдікке, билікке деген сеніміне сызат түсіреді.
Халық сыбайлас жемқорлық, оның ішінде, парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан кез-келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.
«Тарихи-мәдени мұра санатына кіретін нысандарға реставрация жасау ісін ретке келтіретін шараларды күшейткен жөн. Тарихи жәдігерлерімізді шетел мұражайларынан Қазақстанға қайтару жұмыстарын жандандыру да маңызды. Ондай мүмкіндік болмаса, еліміздегі мұражайларға қою үшін жәдігерлеріміздің дәлме-дәл көшірмесін жасау керек. Әртүрлі фракцияның өкілі әрі Құрылтай мүшесі саналатын Мәжіліс депутаттары бұл мәселені шешуге күш-жігерін салады деп сенемін»
Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда елдік мәселелерді талқыға түсіріп, ұлттық мүддеге қатысты маңызды мәселелерді айтты.
Ұлттық құрылтай – ұлтты ұйыстыруға бағытталған келелі кеңес.
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының әрбір бастамасы еліміз бен жеріміз үшін зор маңызға ие.
Белгілі жазушы Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының хатшысы, Президент және “Алаш” сыйлықтарының иегері, “Парасат” орденінің иегері Жұмабай Шаштайұлы өмірден өтті.
Жұмабай Шаштайұлы - 1950 жылы 10 қазанда Жамбыл ауданына қарасты Жамбыл ауылында туған.
Еңбек жолында «Коммунизм жолы», «Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан», «Жас Алаш» газеттерінде, «Жалын» журналында қызмет етті. Халықаралық «Заман-Қазақстан» газетінің және «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, сондай-ақ Қазақ радиосының бас редакторы қызметін атқарды.
Жазушының «Қызыл қар», «Жала мен нала», «Жыр жолбарыс» , «Біздің заманның Аяз биі», «Жаңғырық» атты жинақтары мен романдары оқырманның жүрегінен орын тапты.
“Қазқайтажаңарту” кәсіпорнының ұжымы өз заманының қарымды қаламгері Жұмабай Шаштайұлының отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз.
Дана халқымыз : «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», дейді.
Әйелдер қауымы - табиғатынан кішіпейілділіктің, адамгершіліктің және мейірімділіктің айнасы. Сондықтан, ол бүкіл қоғамның арқауы ретінде келісім мен тұрақтылықтың нығаюына ықпал етеді.
«Ер елдің иесі, әйел – үйдің киесі» дегендей отбасындағы береке - бірлікке, өмірдегі әсемдік пен нәзіктікке жолбасшы бола жүріп, айналасына инабаттылықтың нұрын сепкен аналарымыз бен қыз - келіншектерімізді келіп жеткен Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Көктем мерекесі көңілдеріңізге қуаныш сыйлап, жүздеріңізге нұр шашсын.
Әрқашан шаңырақтарыңызда береке болып, үйлеріңізден жылылық кетпесін. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, жанұяларыңызға береке - бірлік тілейміз!
Ізгі ниетпен, “Қазқайтажаңарту” ұжымы
Сыбайлас-жемқорлық-бұл қызмет дәрежесін жеке мақсатта пайдалану деп білемін. Осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны жас ұрпақ тәрбиесіне зиян болатындығы бәрімізді алаңдатады. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен кесірін тигізеді. Яғни, осы келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мәселе екендігі айқын. Сыбайлас жемқорлық қоғамның бақытты болашағын тежейді, елдің халықаралық беделіне нұқсан келтіреді, жұртшылықтың заң мен әділдікке, билікке деген сеніміне сызат түсіреді.
Халық сыбайлас жемқорлық, оның ішінде, парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан кез-келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз керек.
«Қазқайтажаңарту» РМК Түркістан филиалының
Заң кеңесшісі Ш.А. Абдукадиров
🌷1 Наурыз - Алғыс айту күні құтты болсын!
Алғыс айту күні - қазақстандық патриотизмнің,бірлік пен достықтың жарқын мерекесі.
Қазақстан халқы айтулы бұл мейрамды алғаш рет 2016 жылы атап өтті.
Осынау мерейлі сәтті пайдалана отырып, Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық пен бақыт, шаңырағыңызға шаттық пен мереке тілейміз!
Страница 1 из 37