«Тарихи-мәдени мұра санатына кіретін нысандарға реставрация жасау ісін ретке келтіретін шараларды күшейткен жөн. Тарихи жәдігерлерімізді шетел мұражайларынан Қазақстанға қайтару жұмыстарын жандандыру да маңызды. Ондай мүмкіндік болмаса, еліміздегі мұражайларға қою үшін жәдігерлеріміздің дәлме-дәл көшірмесін жасау керек. Әртүрлі фракцияның өкілі әрі Құрылтай мүшесі саналатын Мәжіліс депутаттары бұл мәселені шешуге күш-жігерін салады деп сенемін»
Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда елдік мәселелерді талқыға түсіріп, ұлттық мүддеге қатысты маңызды мәселелерді айтты.
Ұлттық құрылтай – ұлтты ұйыстыруға бағытталған келелі кеңес.
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының әрбір бастамасы еліміз бен жеріміз үшін зор маңызға ие.