Абдибаев Алмас Кыргызбаевич 1982 жылы 17 желтоқсанда Алматы облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген.
2012 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін аяқтап «Сәулет» бакалавры академиялық дәрежесі берілді. 2016 жылы жоғарыда аталған университеттің «Құрылыс» мамандығы бойынша, «Техника және технология» магистрі дәрежесі берілген.
Өзінің еңбек жолын 1999 жылы 1 шілдеден Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Жамбыл атындағы өндірістік кооперативінің жұмысшысы болып бастаған. 2005-2007 жылдары аралығында «Қазақстан Республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ-ның қазақ радиосының ақпараттық-талдау қызметін монтаждау операторы болып қызмет етті. 2007-2008 жылдары аралығанда «Жамбылсәулетсервис» ЖШС-нің жобалаушысы болып қызмет еткен. 2008 - 2009 жылдары «Сәулет» МКҚ-ның техник-сәулетшісі болып жұмыс істеген; 2009 - 2013 жылдар аралығында «Бес Қоныс» ЖШС-ның директоры болып жұмыс істеген.
2013 - 2016 жылдары Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылындағы сәулет және қалақұрылысы бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарған. 2016 - 2019 жылдары Жамбыл ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы болып жұмыс атқарды.
2019 жылы Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
2020 ж. «Қаратал ауданы Бастөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы болып жұмыс істеген.
2020-2021 ж. «Алматы облыстық сәулет және қалақұрылыс басқармасы» ММ-нің басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс атқарды.
2022 ж. Талдықорған қаласында «Алматы облыстық сәулет және қалақұрылыс басқармасы» ММ-нің қала құрылыс қызметін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы болып қызмет атқарған.
2022-2024 жылдары «Қазқайтажаңарту» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Бас директорының жалпы мәселелері жөніндегі орынбасары болып, ал 2024 жылдың 14 маусымнан бастап «Қазқайтажаңарту» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Бас директоры болып тағайындалды.
Время личного приема: Вторник,Четверг с 10.00 до 12.00