Ғылыми-зерттеу және жобалау филиалының  негізгі функционалдық міндеті: қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілетін тарих және мәдениет ескерткіштерінің ғылыми-жобалық құжаттарын дайындау.

Филиал республикалық және әлемдік мәдени мұраны сақтау бойынша  авторлық жобалық шешімдерді қабылдауға негіз болып табылатын ескерткіштер жай-күйіне мониторингтік зерттеулерді тұрақты жүргізеді.

Мониторингтік зерттеулердің мақсаты:құрылысаймағының табиғи-климаттық параметрлері, өңірдің гидро-геологиялық жағдайлары, нысанның айналасындағы ландшафт, ғимараттың көлем-кеңістік құрылымы, құрылымның температуралық-ылғалдылық параметрлері, құрылыс материалдарының физикалық жай-күйі сияқты көптеген факторлардың өзгеруін саралау болып табылады.

«Қазқайтажаңарту» РМК-ның Ғылыми-зерттеу және жобалау филиалы облыстар бойынша ескерткіштер жинағын құрып, стратегиялық жоспарларын әзірлейді. Филиал республикамыздың ең маңыздытарих және мәдениет ескерткіштері бойынша қайта қалпына келтіру, консервациялау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары мен жобаларын дайындайды.

Филиалтарих және мәдениет ескерткіштерінсақтау, зерттеу жүйесін құру,қорғау ауданы мен аймағы шекараларын анықтау, ескерткіштерді басқару және сақтау бойынша менеджмент-жоспарлар әзірлеу, ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне Қазақстандық ескерткіштерді қосу үшін сериялық номинацияны дайындау, республиканың өңірлеріндегі тарих және мәдениет ескерткіштерінің жинақтарын дайындау және т.б. бойынша жұмыстар жүргізуде. Қазіргі уақытта«Қазқайтажаңарту» РМК-ның Ғылыми-зерттеу және жобалау филиалы тұңғыш рет тарих және мәдениет ескерткіштерне ғылыми қайта қалпына келтіру жұмыстарын орындау үшін нормативтік бағалауды әзірлеу үстінде.

NIPFkaz

ҒЗЖФ " Қазқайтажаңарту" РМК  ҚР МСМ  мына мекен-жай бойынша : Алматы қ. , Медеу ауданы, Бөгенбай батыр к-сі , 19А

 

FaLang translation system by Faboba
Мы в социальных сетях