1980 жылдары «Қазқайтажаңарту» РМК-ның Қызылорда облысындағы филиалы «Қазқайтажаңарту» мамандандырылған қалпына келтіру бірлестігі қарауындағы қалпына келтіру шеберханасы ретінде құрылды, кейін Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің «Қазқайтажаңарту» мамандандырылған қалпына келтіру трестіне айналды.
«Қазқайтажаңарту» РМК-ның қалпына келтіру шеберханасы 2001 жылдың 25 қазанында Қызылорда облысы филиалы болып өзгертілді. Қазіргі уақытта директордың міндетін атқарушы Муратбеков Нурболат Пирназарович.
Филиалдың негізгі қызметінің мәні - тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми және жаңғырту, қалпына келтіру және мұражай жұмыстарын орындау.
Филиалдың мақсаты мәдени мұраны сақтау және дамыту болып табылады.
Филиалдың негізгі функционалдық міндеттері:
- тарих және мәдениет ескерткіштерінде жөндеу-құрылыс және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу;
- тарих және мәдениет ескерткіштерін қалпына келтіру, сақтау, қайта өңдеу және мұражайландыру
«Қазқайтажаңарту» РМК Қызылорда филиалы еліміздің бірнеше облысында Республикалық және облыстық маңызы бар 70-тен аса тарихи және архитектуралық ескерткіштерінде реставрациялық жұмыс атқарған. Соның қатарында Дүзен, Асан-Ата, Мақұл-там, Оқшы-Ата, Баланды кесенелері және басқа да көптеген тарих және мәдениет ескерткіштеріне қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізді. Филиал, сондай-ақ, Сауран, Сығанақ, Ежелгі Тараз, Ескi Түркістан және т.б. көне қалашықтарында консервациялау және мұражайландыру бойынша жұмыстар жүргізуде.
Құрылымы