Бүгін 10 тамыз - Абай күні.
Абай Құнанбайұлы ғұлама ғалым, ойшыл ақын, ағартушы ұстаз ретінде ұлтымыздың тұғыры , биік мақтанышы.
Абайдың шығармашылығы әлемдік туындылар қатарында орын алған халқымыздың баға жетпес мұрасы мен рухани азығы. Жас толқын үшін Абайдың өсиеттері мен өнері асыл қазына.
Абай күні –ұлттық құндылығымыздың , рухани болмысымыздың жаңғыру күні.
Мереке құтты болсын!
Екі елдің Президенттерінің келісіміне сәйкес, Түрікменстан Республикасының астанасы Ашғабат қаласында ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевтың ескерткішінің салынуы жоспарлануда.
Осыған орай, ескерткіштің құрылысын жүргізу және жер телімінің мәселелерін шешу үшін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті Тарихи-мәдени мұра басқармасының басшысы Жанат Сеидалиева, Кәсіпорынның бас директоры Махаббат Бигельдиев және сәулетші Юрий Кузьмин Ашғабат қаласына іссапармен барды.
Осыған орай, түрікмен тарапымен Ашғабат қаласын аралап, ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевтың ескерткішінің салынатын және құрылысы жүргізілетін алдын - ала болжамдалған жер телімдерінің нұсқаларымен танысып, аралап қайтты. Құрылыс жұмыстарына қатысты іс - шаралар жоспарланып, пысықталынды.
Сонымен қатар, Түрікменстан Республикасының Мәдениет министрлігінің мамандарымен кездесіп, Түрікменстан Республикасының халық суретшісі, мүсіншісі Сарагт Бабаевпен жүздесті.
Кездесуде суретшінің еңбектеріне шолу жасап, шығармашылық тыныс-тіршілігімен танысып қайтты. Түркіменстан Республикасының Ұлттық музейіне барып, тағылымды мәдени мұраларын аралап, түрікмен халқының тарихының, өнерінің және жетістіктерінің куәсі болды.
ҚР Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Күміс Қарсақбайқызы Сейітова ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
Құрметті, Күміс Қарсақбайқызы!
Сізді “Қазқайтажаңарту” РМК ұжымы атынан шын жүректен құттықтаймыз!
Жаңа жұмысыңызда толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беруіңізді тілейміз!
Қожа Ахмед Ясауи кесенесі бойынша ғылыми консультативті кеңес мүшелерінің кезекті отырысы өтті.
Басқосуда кәсіпорынның бас директорының өндірістік істері жөніндегі орынбасары Исабек Нұрмағамбетов қатысушыларға Кесенеде жүргізіліп жатқан кешенді зерттеулердің барысын слайд арқылы көрсетіп, жай-күйін баяндады. Сонымен қатар, кеңес мүшелерімен атқарылатын жұмыстардың жоспарлары пысықталынып, жалпылама шолу жасалынды.
ҚР Мәдениет және спорт вице министрі Арман Жүдебаев Сарайшық қалашығының жұмыс барысын көріп қайтты.
Сапар барысында ең алдымен, Сарайшық қалашығының визит-орталығының жұмысымен танысты.
Сонымен қатар, биыл Кәсіпорын жүзеге асырып жатқан Сарайшық қалашығының кіре беріс қақпасының ғылыми қайта қалпына келтіру жұмыстарымен егжей- тегжейлі танысып қайтты. Алдағы уақытта жасалынуы тиіс шаруалар бойынша пысықтау жұмыстары жүргізіліп, жоспарлар талқыланды.
Елорда күні құтты болсын!
Ерке Есілдің жағасында бой көтерген бас қаламыздың еңсесі биік болсын!
Сәулеті мен дәулеті жарасқан, ұлттың ұлы тұғырына айналған бағаналы бақ ордамыздың мәртебесі арта берсін!
Мереке құтты болсын! 💐💐💐
Арман Жүдебаев ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды.
Құрметті Арман Әділханұлы!
“Қазқайтажаңарту” РМК ұжымы
Сізді Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалуыңызбен шын жүректен құттықтайды!
Сізге зор денсаулық тілей отырып осы жауапты қызметте жемісті және табысты жұмыс тілейді!
Игі істеріңіздің қашанда оңға басуына, әр қадамыңыздың қарымды болуына, республикамыздың мәдениет саласын дамыту бойынша маңызды міндеттерді табысты жүзеге асыруға, ел - қоғам алдында абыройыңыздың арта беруіне тілектестік білдіреміз!
Домбыра – қазақтың қасиетті аспабы, құнды байлығы, таптырмас қазынасы.
Қазақ пен домбыра егіз ұғым , дейді дана халқымыз.
Атадан балаға аманат болған осындай асыл қазынамызды қадір тұту – бәріміздің қасиетті борышымыз.
Ұлттық құндылықтарымызды ардақтау, терең тамырымызға ой салу, рухани жаңғыруымызға үлес қосар шуақты да, шаттықты мереке құтты болсын!
Халқымыздың қасиетті ұлттық аспабы – Домбыра төрімізден түспесін!
Әр шаңырақтан ән-күй үзілмесін!
Ұлттық домбыра күні құтты болсын!
Страница 6 из 37