Бүгін Эр-Рияд қаласында (Сауд Арабиясы Корольдігі) Дүниежүзілік мұра комитетінің 45-ші кеңейтілген сессиясы өтуде. Дүниежүзілік мұра объектісі тізіміндегі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі айналасындағы құрылыстың кесененің сақталуына әсері туралы есептер тыңдалатын сессияға қазақстандық делегация атынан ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетінің төрағасы Сеитова Күміс Қарсақбайқызы, “Қазқайтажаңарту” РМК бас директорының өндірістік істері жөніндегі орынбасары Исабек Нұрмағамбетов және Ғылыми-зерттеу филиалының маманы Ляззат Бейсембаева қатысуда.
Қазақстандық делегация атынан ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Сеитова Күміс Қарсақбайқызы кіріспе сөз сөйлеп, сессия қатысушыларына сәттілік тіледі.
Қазқайтажаңарту” РМК ұжымы атынан ҚР Мәдениет және спорт министрлігін 2023 жылдың қаңтар айынан бүгінгі күнге дейін абыроймен басқарған Оралов Асхат Раздықұлына алғысымызды білдіреміз.
Асхат Раздықұлының алдағы қызметіне табыс, отбасына береке, зор денсаулық тілейміз.
2023 жылдың қыркүйек айында Аида Ғалымқызы Балаева Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен ҚР Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды.
Құрметті Аида Ғалымқызы!
Жаңа лауазымыңыз құтты болсын!
Игі істеріңіздің қашанда оңға басуына, әр қадамыңыздың қарымды болуына, республикамыздың мәдениет саласын дамыту бойынша маңызды міндеттерді табысты жүзеге асыруға, ел - қоғам алдында абыройыңыздың арта беруіне тілектестік білдіреміз!
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялады.
Ел Президенті Жолдауда - еліміздегі әлеуметтік, экономикалық және қоғамдық өмірдің барлық салаларына қатысты мәселелерді көтеріп, саяси жүйені жаңғырту бойынша батыл да ауқымды бастамаларды атап өтті.
Жалпы, Мемлекет басшысының Жолдауда жасаған мәлімдемесі, мемлекеттік билікке берген тапсырмаларының іс жүзінде шынайы орындалуы, еліміздің жандануына, жаңаша дамуына жол ашары сөзсіз.
Жиынға Мәжіліс және Сенат депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам мен еңбек ұжымдарының өкілдері қатысты.
Бүгін еліміздің ең басты мерекелерінің бірі — Конституция күні!
Конституция — ол еліміздегі тұрақтылық пен өркендеудің сенімді іргетасы, әрбір қазақстандықтың құқығы мен еркіндігінің кепілі.
Барша қазақстандықтардың отбасына береке, ырыс пен ынтымақ тілейміз! Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!
Мереке құтты болсын!
"Қазқайтажаңарту" РМК мемлекеттік тапсырма аясында, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруда, кесенедегі Қазандық бөлмесінің сәндік күмбезінің (сталактиттердің) техникалық жай-күйін зерттеу үшін шетелдік сарапшыларды тарту міндеті қойылды.
Осыған орай, тарихи сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру және сталактит конструкциялары бойынша тәжірибесі бар мамандар іздестіріліп, келіссөздерден кейін Түркістан қаласына Иран мен Өзбекстаннан ғылыми сарапшылар мен шеберлерді шақыру туралы шешім қабылданды, өйткені бұл елдерде сол кезеңдегі ескерткіштер бар.
Өткен аптада шақырылған ғылыми сарапшылар Түркістан қаласына келді.
Өз кезегінде, отандық білікті мамандар мен Ираннан, Өзбекстаннан шақырылған мамандардан тұратын жұмыс тобы кесенені аралау барысында Қазандық бөлмесіндегі күмбездің және күмбезаралық кеңістігіне жету қиын жерлерді толыққанды тексеру үшін арнайы жарықтандырғыш аспаптармен өлшеп, тексерді.
Одан әрі, мониторинг-орталықтың базасында жұмыс тобы кесененің қазіргі техникалық жай-күйін шешу жолдарын талқылады. Сапар аяқталғаннан кейін, Иран мен Өзбекстаннан келген сарапшылар белгіленген уақытта ұсынымдық қорытынды береді.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің келісімімен, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет Комитетінің «Қазқайтажаңарту» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны бас директорының бұйрығымен, Байсалбаев Бауыржан Мұратұлы «Қазқайтажаңарту» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ғылыми-зерттеу және жобалау филиалының директоры лауазымына тағайындалды.
Құрметті Бауыржан Мұратұлы!
Жаңа қызметіңізге толайым табыс пен сәттілік тілейміз!
Өткен аптада Кәсіпорынның бас директоры кезекті іссапармен Атырау облысы Махамбет ауданында Сарайшық қалашығындағы салынып жатқан және археология мамандарымен қазылып жатқан нысандарда болып қайтты. Болашақ Сарайшық қалашығының даму жоспарымен және қорғау аймағымен егжей-тегжейлі танысты.
Тиісті мамандармен ақылдаса келе, Сарайшық қалашығында болашақта салынатын нысандар мен реставрациялық жұмыстарының барысын нақтылады.
Құрметті құрылыс саласының қызметкерлері!
Құрметті әріптестер!
Сіздерді “Қазқайтажаңарту” РМК ұжымы кәсіби мерекелеріңіз - Құрылысшы күнімен құттықтайды!
Әр мамандықтың қоғамда алатын өзіндік орны, мәртебесі бар. Сондай мәртебелі мамандықтардың бірі құрылысшы мамандығы екендігі баршамызға аян. Құрылысшы — адамзат өркениетiнiң бастауында тұрған мамандық.
Бүгінгідей әсем де көрікті, түрлі заманауи нысандардың бой түзеуі – құрылысшылар легінің мезгілдің ыстық-суығын елемей атқарған игі істерінің жемісі.
Осындай жауапты мамандықты меңгеріп, ел игілігі жолында талмай еңбек етіп жатқан Сіздерге бүгінгідей мерейлі сәтте дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға ортаймас бақ пен ырыс тілейміз!
Қажырлы еңбектеріңіз әрқашан табысты болсын!
Ізгі ниетпен, «Қазқайтажаңарту» РМК ұжымы.
Страница 5 из 37