Ағымдағы жылдың 10-11 қаңтарында Сарайшық қалашығының даму жоспары бойынша жиын өтті.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Күміс Сейітованың төрағалығымен өткен бұл жиында Сарайшық қалашығында алдағы уақытта жүргізілетін жұмыс жоспары талқыланып, мамандардың ұсыныстары ортаға салынды.
Жалпы, былтыр Кәсіпорын Сарайшық қалашығының кіре беріс қақпасы құрылысының жұмыстарын жүргізіп, аяқтаған болатын.
Жиынға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің Тарихи-мәдени мұра бөлімінің басшысы Жанат Сейдалиева, “Қазқайтажаңарту” РМК бас директоры Махаббат Бигельдиев , Атырау облысы әкімдігінің өкілдері, Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының директоры Оңғарұлы Ақан, “Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы директоры профессор Мұқтар Әбілсейіт және ғалымдар, облыстық мәдени мекеме басшылары қатысты.
⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетіне сұхбат берді.
⚜️Сұхбатта еліміздің ішкі-сыртқы саясатына қатысты мәселелер, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы, Қаңтар қасіреті, қоғамдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық, Атом станциясының құрылысы секілді өзекті тақырыптар айтылды.
Сондай-ақ, Президенттің жеке өзіне қатысты да кейбір мәселелер жөнінде әңгіме өрбіді.
⚜️Мақаланың толық нұсқасын «Егемен Қазақстан» газетінің санынан немесе басылымның сайтынан оқуға болады.
“Қазқайтажаңарту” РМК ұжымы Сейітова Күміс Қарсақбайқызын ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрайымы лауазымына тағайындалуымен шын жүректен құттықтаймыз!
Құрметті Күміс Қарсақбайқызы!
Жаңа жұмысыңызда толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беруіңізді тілейміз!
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тарихи-мәдени мұра басқармасының басшысы Жанат Сеидалиева Шоқан Уәлиханов атындағы «Алтынемел» мемориалдық музейіне барды.
Сапар барысында биыл мемориалдық музейде жүргізілген ғылыми- реставрациялық және музеефикация жұмыстарының нәтижесімен танысты.
Сонымен қатар, Шоқан Уәлихановтың өмірі мен еңбек жолы, тарихи-этнографиялық, георафиялық зерттеулері және ғұмырының соңғы кезеңі туралы тарихи деректер мен жәдігерлер таныстырылды. Музей қызметкерлерімен әңгімелесіп, музейді аралап, Құрметті қонақтар кітабына жылы лебізін қалдырды.
Бүгін «Таңбалы» музей-қорығына, «Қазқайтажаңарту» кәсіпорны жүргізген 3800 гектар жер көлемінің 5,8 шақырымына қоршау жұмыстарының және «Таңбалы» кешенінің ортаңғы аумағына абаттандыру жұмыстары мен ІІ – топ жартас суреттеріне реставрациялық,консервациялық жұмыстарының нәтижесімен танысуға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тарихи-мәдени мұра басқармасының басшысы Сейдалиева Жанат жұмыс сапарымен келді.
Құрметті достар!
Баршаңызды қастерлі мерекеміз 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болсын!
Ел ертеңі жолындағы еңбегіміз жана берсін!
Страница 2 из 37