Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласындағы жұмыс сапары барысында ағартушы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың мұражай-үйіне барды, деп хабарлады Ақорда сайты.
Мемлекет басшысы музейдегі «Ұлттық рухтың ұлы тілі», «Қазақ санасының шамшырағы» және «А.Байтұрсынұлының жұмыс кабинеті» залдарындағы экспозициялармен толықтай танысып өтті.
Жалпы, музейде ұлы қайраткердің өмірі мен шығармашылығына байланысты барлығы 500-ге жуық экспонат жинақталған. Биыл мерейтой қарсаңында “Қазқайтажаңарту” кәсіпорны музей-үйде ғылыми-реставрациялық және музеефикация жұмыстарын толығымен жүзеге асырды.
Сонымен қатар , Мемлекет басшысы Ахмет Байтұрсыновқа арналған ескерткіштің ашылу салтанатына қатысты. Салтанатты жиынға ғалымның туған-туыстары мен шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты.
Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің техникалық жай-күйін зерделеу жөніндегі жұмыс тобының қорытынды кеңесі өтті
Отырысқа ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов, Түркістан облысы әкімінің орынбасарлары және ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне бағынысты мекемелердің өкілдері қатысты.
Жиын барысында Аида Ғалымқызы кесене ғимаратымен танысып, мамандардың баяндамаларын тыңдады. Отырыс барысында мәселелерді шешудің түрлі жолдары ұсынылды.
Өз кезегінде, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Мұратұлы баяндама жасап, министрліктің Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде туындаған мәселелерді шешуге және оның сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған жоспарды таныстырды.
Сонымен қатар, “Қазқайтажаңарту” мекемесі Кесенені сақтаудағы Арнайы зерттеу бағдарламасының іс-шаралар жоспарын ұсынып, толыққанды комплексті зерделеудің маңыздылығын атап өтті.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығы, сондай-ақ,«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар» қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кәсіпорынның директоры Махаббат Бигельдиев Алматы қаласында орналасқан "Ахмет Байтұрсыновтың музей үйінде" жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысын қадағалап қайтты.
Жұмыс барысындағы туындаған мәселелерді жауапты мамандармен пысықтап, қайта қалпына келтіру жұмыстарының сапалы жүргізілуі және уақытылы аяқталуын тапсырды.
Үш күнге жалғасқан жұмыс сапарымен, кәсіпорынның бас директоры Махаббат Бигельдиев Түркістан облысына келді. Нысандардың жағдайымен жақынырақ танысып, мән-жайды бағамдап қайтты.
Өз кезегінде, «Отырар» қалашығындағы ғылыми-қайта қалпына келтіру жұмыстарының орындалуын қадағалап, объектілерді түгелдей аралады.
Нысандардағы реставрация, консервация бағытындағы жұмыстар, объектілерді дамытудың бекітілген тұжырымдамалық жоспарына сәйкес жалғастырылуда.
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіндегі ғылыми-қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқан бірқатар нысандардағы жұмыстардың барысын бақылады. Атап айтсақ, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің хал-ахуалын байқап, Қазандық бөлмесіндегі сталактит күмбезінің техникалық жағдайын тексерді. Ішкі талдау жұмыстарын жүргізді. Сәйкесінше, тиісті жауапты мамандарға тапсырмалар жүктелді.
Ұлттық мақтанышымызға айналған, ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра тізіміне енгізілген - Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, санғасырлық түрлі жағдайларды өткеріп, бүгінімізге дейін сол қалпында жетті. Тарихи мұраның қорғалуын, сақталуын қамтамасыз ету, тозуына әкеліп соқтыратын қауіпті жағдайлардың алдын- алу мақсатында Кәсіпорын кесененің жай - күйін жіті зерделеп отырады.
«Қазқайтажаңарту» РМК бас директоры Махаббат Бигельдиев іссапармен Қызылорда облысында орналасқан бірқатар нысандарды аралады.
Сапар барысында Қызылорда филиалының директоры Нұрболат Муратбеков «Айтбай» мешітінде және «Сығанақ» қалашығында 2021 жылы атқарылған жұмыстармен егжей-тегжейлі таныстырды.
Сондай-ақ, Бас директор ағымдағы жылы қарқынды жүргізіліп жатқан «Сауран» қалашығындағы ғылыми-реставрациялық жұмыстардың ретімен танысып, сапасын қадағалап қайтты.
Нысандарды аралау нәтижесінде филиал директорына және жауапты мамандарға қайта қалпына келтіру жұмыстарының сапалы жүргізілуі мен уақытылы аяқталуын тапсырды.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің бұйрығына сәйкес, Алмас Кыргызбаевич Абдибаев Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің "Қазқайтажаңарту" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды.
Алмас Абдибаев- білімі жоғары. 2010 жылы Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің "Сәулетші" мамандығы бойынша және 2014 жылы осы жоғарғы оқу орнының "Техника және технологиялар" мамандығының магистратурасын оқып бітірген.
2020 жылдың 07 қыркүйегінен бастап "Алматы облыстық сәулет және қалақұрылыс басқармасы" ММ-нің басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.
ЕЛОРДА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Баршаңызды Елорда күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ұлы дала астанасының абырой-атағы асқақтап, күн санап ажар-сәулеті артып келе жатқанына көз сүйсініп, көңіл тойғандай. Егемен елімізді ертеңге жетелеген Бас қаламыз – бірлік пен берекенің тоғысқан мекені, игіліктің бастау бұлағы іспетті.
Сан-түрлі арман қиялдарды жүзеге асырып,сан-қилы тағдырларды тоғыстырып жатқан керемет те көркем қала. Бас қаламыздың бүгінгі көркі жанымызды шымырлатып, сұлулықтың жылы лебімен тербейді. Жаңа заманда жасампаздықпен қалыптасып жатқан астанамыз өсе берсін, көркейе берсін!
Ізгі ниетпен, “Қазқайтажаңарту” РМК ұжымы 💐💐💐
Страница 10 из 37