«Қазқайтажаңарту» РМК бас директоры Махаббат Бигельдиев кезекті жұмыс сапарымен 2021 жылға арналған мемлекеттік тапсырмалардың тізбесінің негізінде, мемлекеттік тапсырма бойынша жоспарланған ғылыми–реставрациялау жұмыстарының басталуын қадағалау мақсатында Маңғыстау облысы «Оғланды жеріндегі Бекет ата жерасты мешіті» нысанына барды.
Аралау барысында ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарының бағытын айқындап берді. Сондай-ақ, тапсырмалардың берілген мерзімге сәйкес уақытылы және сапалы орындалуын тиісті жауапты мекемелерге тапсырды.
Өзбекәлі Жәнібековтың туғанына 90 жыл толуына орай республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті
Халқымыздың салт-дәстүрінің білгірі, еліміздегі тарихи-мәдени мұраларды зерттеу, қайта қалпына келтіру жұмысына өзіндік қолтаңбасын қалдырған мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым-этнограф Өзбекәлі Жәнібековтың туғанына 90 жыл толуына орай республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
"Философия, саясаттану және дінтану институты", "Қ. Сатбаевтың мемориалдық мұражайы" және "Қазқайтажаңарту" РМК ұйымдастырған бұл жиынды Әлеуметтану ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Сейдуманов Серік Тұрарұлы ашты. «Қазқайтажаңарту» РМК ұйымдастырған көрме өз жалғасын тауып, Кәсіпорын ашылған тұстан бастап, жасалған ғылыми- реставрациялық жұмыстардың нәтижесінде нысандардың макеттері назарға ұсынылды.
Бүгінгі күні Кәсіпорын, өз жұмысын жүйелі түрде жалғастырып келеді. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырмасымен Еліміздің аумағындағы мемлекеттік тапсырмалардың тізбесінің негізінде республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін қалпына келтіру, реставрациялау, консервациялау бағытындағы жұмыстарды жүзеге асырады.
Бұдан өзге, Өзбекәлі ағамыздың Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайының жәдігерлерін жинақтауда өлшеусіз рөл атқарған, алыс-жақыннан келушілер дұға оқып кететін қасиетті орынды әлемге әйгілі еткені бәрімізге мәлім.
Келесі кезекте, жиынға қатысқан онлайн және офлайн сөз сөйлеушілерге сөз беріліп, Өзбекәлі Жәнібековтың өмірінен сыр шертті. Ашық микрофон барысында, ұсыныстар айтылып, ұйымдастырылатын іс-шаралар қызу талқыланды.
Жиынға Парламент Сенатының депуттатары, ҚР ҰҒА академиктері, қоғам белсенділері, БАҚ өкілдері қатысты.
🔶 Рәбия Сұлтан Бегім кесенесі, VI ғасыр
1. Порталға дөңгелек арка орнату
🔶"Қылует жерасты мешіті", XII-XIX ғғ.
1. Бағаналардың төменгі бөліктерін қалпына келтіру жұмыстары
🔶 "Мусаля қақпа", XVII-XVIII ғғ.
1.Бір қабат сазды ерітіндімен сылақ сылау жұмыстары / Сылақ жұмыстары аяқталды
🔶"Ақтөбе қалашығы", VI-XIII ғғ.
1. Қабырғаларды күйдірілген кірпішпен қалау
🔶 "Сырымбет үй-жайы"
1. Кіреберіс есігін орнату, кіреберіс лактау және бояу
2.Олифкамен сырлау, аумақты қоршау жұмыстары
🔶 "В. В. Куйбышев мұражайы үйі", қазіргі Көкшетау қаласының тарих мұражайының ғимараты,1889 ж-1905
1. Ішкі әрлеу жұмыстары/ГВЛ-дан төбені түйістіру жұмыстары
2. Плиткаларды орнату ,сылақтың соңғы қабатын жағу
3. Негізгі кіреберіске плиткаларды төсеу
🔶 Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, XIV ғасырдың соңы
1.Гурхананың есігін шешуге дайындау
2.Есік "Қырым аралы" ғылыми-қалпына келтіру зертханасына жеткізілді
🔶 Құлан қалашығы, VI ғасыр-XIII ғасырдың басы
1. Үлкен, кішкентай және мүсіндік фрагменттерге арналған әдістерге сәйкес жаңа негізде жиналған кесілген саз панельдерін желімдеу жұмыстары.
🔶 Айтбай мешіті, Искан және Камал шеберлері, 1878 жыл
1. Стелобат еденін қаптау жұмыстары
2. Терезелер мен есіктерді лакпен бояу
3. Айван төбесін бояу
🔶 "Жаркент мешіті" сәулеттік-көркемдік музей кешені ХІХ ғ.
1. Мешіттің шатырын жөндеу және сырлау
2. Айванның қабырғасын ағарту
🔶 Солтүстік қақпа
1. Шикі кірпіштен жасалған консервациялық қалау
🔶XVI ғасыр Мешіті (Бердібек сарай)
1. Түркістан кірпішімен қабырға қалау жұмыстары
🔶 "Жамбыл музей-үйінің кешені", 1938-1946 жж.
1. Қасбетті қалпына келтіру жұмыстары
2. Сылақтың қабыршақтанған қабатын жөндеу
3. Ғимараттың қасбеті бойынша жұмыстар аяқталды
🔶 М. О. Әуезовтің әдеби-мемориалдық мұражай-үйі
1. Қасбет жұмыстары
2. Сылақтың ескі қабатын демонтаждау/ Қабырғаларды ақтау
ҚР Мәдениет және спорт вице - министрі Нұрғиса Дәуешовтің қатысуымен, Батыс Қазақстан облысының тарихи -мәдени мұра объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында 2021-2022 жылдары жүзеге асырылатын Батыс Қазақстан облысындағы тарихи - мәдени объектілерінің ғылыми-зерттеу, жобалау және өндірістік жұмыстары бойынша көшпелі отырыс өтті.
Басқосуға «Қазқайтажаңарту» РМК бас директоры Махаббат Бигельдиев, Батыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының басшысы Сайран Дүйсенов, «Қазқайтажаңарту» РМК Батыс Қазақстан филиалының директоры Еркебұлан Өмірзақ, Хан Ордасы Батыс Қазақстан облыстық тарихи-мәдени, сәулет-этнографиялық музей-қорығының директоры Ғайса Махимов қатысты.
Атап айтсақ, Атырау қаласында орналасқан Сарайшық қалашығының және Батыс Қазақстан облыстық Хан ордасы тарихи-мәдени, архитектуралық-этнографиялық музей-қорығының жай-күйімен толыққанды танысып, аралап шықты.
Осыған байланысты, аралау барысында нысандардың жай-күйі егжей-тегжейлі талқыланды және жұмыстың стратегиялық бағыттары бойынша мәселелер пысықталды. Тарихи ескерткіштерді сақтап қалу мақсатында жоспарлар құрылып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар белгіленді.
🔶Қожа Ахмет Ясауи кесенесі XIV ғасырдың соңы
1.Үлкен Ақсарай шатыры/ Күмбездің желдетілетін шатыр жабынын орнату жұмыстары
2.Үлкен Ақсарай шатыры / Шатырды демонтаждау және құрылыс қоқыстарын шығару бойынша жұмыстарды жалғастыру
🔶Рәбия Сұлтан Бегім кесенесі, VI ғасыр
1.Қалпына келтіру қабаты мен портал қабырғасын демонтаждау жұмыстары / Екінші пилондағы арканың темірбетон табанын орнату
2.Дөңгелек арка жасау жұмыстары
🔶 "Жетіата қақпа, XVII-XVIII ғғ."
1.Бекініс қабырғасы мұнарасының қабырғаларын қалау
2.Мұнараның ішіне топырақ(засыпка) толтыру
🔶 "Мусаля қақпа, XVII-XVIII ғғ."
1.Сылақ торын монтаждау
2.Бекініс қабырғасының тістерін қалау
3.Сылақтың 1-ші қабатын сазды ерітіндімен сылау
🔶 Магистралды көшесі
1.№4 дақ. Гидрооқшаулағыш құрылғы. Қабырғалардың негізін күйдірілген кірпішпен қалау жұмыстары
🔶 Мақат кесенесі, 1923 жыл
1.Шатырды, күмбезді қалпына келтіру, кесенеге қоршауды орнату жұмыстары аяқталды
🔶Лабақ кесенесі, ХІХ ғасыр
1.Кесенеге қоршау орнату, тас плиталарын қою жұмыстары аяқталды
🔶 "В.В. Куйбышев мұражай-үйі", қазіргі Көкшетау қаласының тарих мұражайының ғимараты, 1889-1905 жылдар
1.Терезелер мен терезе жақтауларын орнату
2.Есіктерді дайындау
3.Қасбетті әрлеу жұмыстары
🔶Айтбай мешіті, Искан және Камал шеберлері, 1878 жыл
1.Айванды қалпына келтіру жұмыстары басталды
🔶"Жаркент мешіті" сәулеттік-көркемдік музей кешені, ХІХ ғасыр
1.Мешіт шатырын жөндеу және сырлау
2. Ішкі әрлеу жұмыстары
🔶 Жамбыл мұражай-үйінің кешені, 1938-1946 ж.ж.
1.Әрлеу жұмыстары /Сылақ / Электрмонтаждау жұмыстары
2.Қасбетті қалпына келтіру жұмыстары
🔶 "Отырар" мемлекеттік археологиялық мұражай-қорығы
🔶 Бекініс қабырғалары
1.Бекініс қабырғасын қалау жұмыстарын жалғастыру
🔶 Мешіт, XIV ғасыр
1.Түркістан кірпішімен қабырға қалау жұмыстары
🔶XVI ғасыр Мешіті (Бердібек сарай)
1.Түркістан кірпішімен қабырға қалау жұмыстары
🔶 "Магистральды көше": Гончар үйі
1.Ошақты қалпына келтіру
2.Шикі кірпіштен жасалған сөре қабырғасын қалпына келтіру
3.Айван жертөлесін қалпына келтіру
🔶 "Магистральді көше": Тұрғын үй
1.Ошақтарды қалпына келтіру
2.Асбестцемент астаушасының орнату, қиыршық тас негізін салу
3.Қиыршық тас орнату жұмыстары/Тігістерді түйістру
Ағымдағы жылдың 11 тамызында, «Қазқайтажаңарту» РМК бас директоры Махаббат Бигельдиевтің қатысуымен, 2021 жылға арналған мемлекеттік тапсырмалардың тізбесінің негізінде жоспарланған нысандардың жобалау-сметалық құжаттарды нақтылау бойынша жиын өтті.
Жиында Ғылыми-зерттеу және жобалау филиалының бас инженері Гуляим Мамедулданова жоспарланған нысандар бойынша жобалау-сметалық құжаттардың дайындалуы туралы есеп берді. Сәйкесінше, нысандардағы ғылыми- реставрациялық жұмыстар Кәсіпорынның өндірістік кестесіне сәйкес жүргізіледі.
Қорытындылай келе, Бас директор жобалау-сметалық құжаттарды дайындау және жұмыстардың жүргізілу барысындағы кемшіліктерге кеңінен тоқталып, тиісті жауапты тұлғаларға тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныс енгізілді.
Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Қазқайтажаңарту» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Бас директоры Бигельдиев Махаббат Садуақасұлы және ҚР Білім және ғылым министрлігі, Ғылым комитетінің «Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институты» директорының м.а. Мамиров Талғат Базарбайұлы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Келісімге сәйкес, тараптар бірлескен Меморандумның негізгі бағыттарының бірі археология мен реставрация салалары бойынша ғылым мен мәдениет аясындағы тікелей және өзара тиімді ынтымақтастықты орнату, ғылыми- әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесін арттыру мақсатында жұмыстар жүргізілетін болады.
Қазақстан Республикасының Парламент Сенатының депутаттары Жүсіп Нұртөре Байтелесұлы, Нукетаева Динар Жусупалиевна, Макежанов Сұлтанбек Алмасбекұлының қатысуымен, «Қазқайтажаңарту» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның 2021 жылы жоспарланған нысандардағы ғылыми – реставрациялық жұмыстардың барысымен танысты.
Басқосуда, «Қазқайтажаңарту» РМК бас директоры Бигельдиев Махаббат Садуақасұлы Кәсіпорынның негізгі бағыты және биылғы жылдың жоспарындағы ғылыми-қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандарға кеңінен тоқталды. Сонымен қатар, аймақтарда орналасқан филиалдардың өндірістік базасындағы өнімдердің жасалу технологиясын да айтып өтті.
Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтап қалу мақсатында құрылған бұл Кәсіпорын, әр нысандағы реставрациялық жұмыстар барынша аутентивті, сапалы және жоғары деңгейде жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.
Саланың барлық маңыздылығын ескере отырып, оның әрі қарай дамыту бағытындағы бірқатар ұсыныстар қаралып, Кәсіпорынның күрделенген проблемалық мәселелері көтерілді.
Страница 13 из 37