ҚР Мәдениет және спорт вице - министрі Нұрғиса Дәуешовтің қатысуымен, Батыс Қазақстан облысының тарихи -мәдени мұра объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында 2021-2022 жылдары жүзеге асырылатын Батыс Қазақстан облысындағы  тарихи - мәдени объектілерінің ғылыми-зерттеу, жобалау және өндірістік жұмыстары бойынша көшпелі отырыс өтті.

Басқосуға «Қазқайтажаңарту» РМК бас директоры Махаббат Бигельдиев, Батыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының басшысы Сайран Дүйсенов, «Қазқайтажаңарту» РМК Батыс Қазақстан филиалының директоры Еркебұлан Өмірзақ, Хан Ордасы Батыс Қазақстан облыстық тарихи-мәдени, сәулет-этнографиялық музей-қорығының директоры Ғайса Махимов қатысты.

Атап айтсақ, Атырау қаласында орналасқан Сарайшық қалашығының және Батыс Қазақстан облыстық Хан ордасы тарихи-мәдени, архитектуралық-этнографиялық музей-қорығының жай-күйімен толыққанды танысып, аралап шықты.  

Осыған байланысты, аралау барысында нысандардың жай-күйі егжей-тегжейлі талқыланды және жұмыстың стратегиялық бағыттары бойынша мәселелер пысықталды. Тарихи ескерткіштерді  сақтап қалу мақсатында жоспарлар құрылып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар белгіленді.

4445k

 

WhatsApp Image 2021 08 17 at 172739 1 

WhatsApp Image 2021 08 17 at 181749

 

5454k 

 

 

 

FaLang translation system by Faboba
Мы в социальных сетях