"Қазқайтажаңарту” РМК өкілдері, нысандардың жоба авторлары, археолог мамандар, жұмыс жүргізуші мамандар “Ақтөбе” қалашығы және “Ақыртас” археологиялық кешеніндегі атқарылған жұмыстарға сапалық бақылау жүргізіліп, биылғы жылға жалғастырылатын жұмыстар пысықталды.
Нысандардың егжей - тегжейлі жағдайымен танысып , жұмыс барысында пайда болған мәселелердің шешу жолы қарастырылды.
Қазақстан және Қырғызстан Президенттері бірлесіп қол қойған екі елдің ынтымақтастық жоспары шеңберінде Қырғыз елінің астанасы Бішкек қаласында - қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлына ескерткіш орнату бойынша жиын өткізілді.
Жиынға, арнайы барған ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет өнер істері департаментінің бас сарапшысы Азамат Жолаев, «Қазқайтажаңарту» РМК бас директоры Махаббат Бигельдиев, Ғылыми-зерттеу жобалау филиалының архитекторы Өмірсерік Ахметов , Қазақстан Республикасының Қырғызстандағы елшіліктегі кеңесші Жәнібек Жумбергенов және Қырғыз еліндегі әріптестері «Бішкекбасархитектура» өкілдерімен кездесіп қайтты.
Басқосуда, жобаға қатысты мәселелер пысықталып, тараптар арасында жоспарланған іс-шаралар жайында келіссөздер жүргізілді, атқарылатын жұмыстар белгіленді.
2021 жылдың жоспарына сәйкес еліміздің өңірлерінде орналасқан “Қазқайтажаңарту” республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалдарының директорларымен кездесу жиыны өткізілді. Жиын барысында биылғы жылы атқарылатын іс - шаралардың бағыты нақты айқындалып, бірқатар мәселелерді пысықталды және межелі міндеттер белгіленді
Бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі жанынан құрылған ведомстволық бағынысты мәдени ұйымдарының өкілдері арасында қаланы көгалдандыру акциясы өткізілді. Акцияның негізгі басты мақсаты - қоғамды қоршаған ортаны қорғауға қатысуға шақыру, қала аумағын көгалдандыруға үлес қосу. Акция шеңберінде 500-ге жуық түп жапырақты ағаш көшеттері отырғызылды
Бүгін “Қазқайтажаңарту” Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ғимаратында ағымдағы жылдың жоспарына сәйкес атқарылатын жұмыстар бойынша техникалық кеңес отырысы өткізілді.
Кеңес отырысында Атырау облысындағы Сарайшық қалашығы мен Жамбыл облысында орналасқан Ақтөбе қалашығы бойынша ғылыми-техникалық және ғылыми-зерттеу жұмыстары кеңінен талқыланып, алдағы жоспарлар егжей-тегжейлі пысықталды.
Жиынға Ғылыми-зерттеу және жобалау филиалының мамандары, жоба авторлары,“Қазархеология” ЖШС-нің мамандары қатысты.
"Мәдениет және спорт министрлігі - Адалдық алаңы" кеңсесінің басшысы Марат Қамзолдаевтың қатысуымен кездесу ұйымдастырылды. Қазіргі таңда Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауы аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен қолға алынып, еліміздегі барлық өңірлерде жобалық кеңселер қызмет етіп келетіндігі туралы хабар етті. Кеңселер құрылғаннан бері айтарлықтай табыстарға қол жеткізіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларды іске асырды және қоғамның жергілікті билік институттарына сенімін арттыруға ықпал етті. Бүгінгі күні, ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне бағынысты барлық ведомстволық ұйымдарда "Комплаенс" қызметін құру және оны қолдана отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оның алдын алу бойынша жұмысты іске асыру ұсынылды.
ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дауешовтың төрағалығымен «Қазқайтажаңарту» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында, аталмыш кәсіпорынның 2021 жылға арналған жоспарына сәйкес атқарылатын ғылыми-реставрациялық жұмыстар бойынша жиын өткізілді.
Жиын барысында, Түркістан қаласындағы «Әзрет-Сұлтан» қорық мұражайы және «Отырар» қалашығының аумағында орналасқан тарихи ескерткіштерге ғылыми-зерттеу, ғылыми-реставрациялық жұмыстардың бағыт-бағдары ұсынылып, алдағы уақытқа жоспарлар айқындалды.
Бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаментының директоры Күміс Сеитованың төрағалығымен онлайн ғылыми-әдістемелік кеңес өткізілді.
Жиында ZOOM жүйесі арқылы Отырар қалажұртына жүргізіліп отырған қалпына келтіру жұмыстарының 2021 жылға арналған жұмыс жоспары таныстырылды.
Сонымен қатар, қалажұртына келуші туристерге жағдай жасау мақсатында абаттандыру жұмыстарының жобасы ұсынылып, бірқатар мәселелер талқыланды.
Бұдан өзге , аталмыш жиынға “Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайының” республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жанындағы әдістемелік кеңес құрамының мүшелері қатысты.
Страница 17 из 37