Бүгін «Қазқайтажаңарту» кәсіпорны басшысы Садуов Асылхан Түркістан қаласында өткен ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин және ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мухамедиұлымен кездесуге қатысты. Кездесу барысында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты ескерткіштерде қайта қалпына келтіру жұмыстары жоспарлары талқыланып, алдағы уақытқа міндеттер мен мақсаттар анықталды.
Еске сала кетсек, «Қазқайтажаңарту» кәсіпорны 18 нысанда ғылыми-реставрациялық жұмыстардың жобасын әзірлеп, 2021 жылға дейін жұмыстар жоспарын құрған болатын. Кәсіпорын 2019 жылы «Хан мешіті», «Хан ордасы» және Күлтөбе қалашығы мен «Жеті ата», «Дарбаза», «Мүсәлла», «Тәкия» қақпалары нысандарында қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді жоспарлауда.
Ағымдағы жылдың 4-5 желтоқсан күндері Түркіменстандағы Ашхабад қаласында ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне Ұлы Жібек жолын номинациялау жөніндегі Үйлестіру комитетінің бесінші отырысы өтті. «Қазқайтажаңарту» кәсіпорны атынан Ғылыми зерттеу және жобалау филиалының бас сәулетшісі Бейсенбаева Ляззат Серикбаевна қатысып, «Тарихи-мәдени мұра нысандарының қорғау аймақтарын анықтау әдістемесі» тақырыбында баяндама жасады.
Бесінші үйлестіру комитетінің отырысына он үш елдің ұлттық үйлестіру орталықтары мен сарапшылары, соның ішінде Жібек жолының үйлестіру комитетінің он бір ел өкілдері қатысты. Кездесудің басты мақсаты – мамандармен тәжірибе алмасу және Жібек жолы бойындағы тарихи-мәдени мұраны сақтау бойынша Жібек жолы үйлестіру комитетінің айқын, нақты көрінісі мен мақсаттарын қою болды.
«Қазқайтажаңарту» кәсіпорны, Ғылыми зерттеу және жобалау филиалы Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесе «Тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін норматив пен есептік бағалау әзірлеу» жобасын жүзеге асыруда. Осы бағдарлама аясында бүгін Мәдениет және спорт министрлігі басшылығының қатысуымен сметалық нормалау және баға белгілеу жүйесі мәселелерін талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.
Кездесудің басты мақсаты – реставрация саласындағы өзекті мәселелердің бірі норматив пен есептік бағалау бойынша жаңа жинақтарды және заң жобасын әзірлеу мәселелерін шешу және оны жүзеге асыру.
«Күмбез» ЖШС, «Остров Крым» ЖШС, Ә.Х. Марғұлан археология институты, сондай-ақ Ғылыми Зерттеу және жобалау филиалы мамандары соңғы уақыттағы норматив пен есептік бағалау жүйесін цифрлендіру және әдістеме әзірлеудегі жетістіктері бойынша баяндама жасап, алдағы уақыттағы жұмыс жоспарларымен бөлісті.
Қызу талқылау нәтижесінде қатысушылар әзірленген әдістемелерге, заң жобасына еңгізілетін өзгерістерді белгілеп, өзекті мәселелерді шешу жолдарын ұсынды.
«Қазқайтажаңарту» кәсіпорны мамандары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, қала және облыс әкімдеріне 2019 жылға жоспарланған қайта қалпына келтіру жұмыстары туралы баяндама жасап, жобалар бойынша презентация жасады. «Қазқайтажаңарту» кәсіпорны бас директордың м.а. Садуов Асылхан, бас директордың орынбасары Токмагамбетов Еркебулат және бас сарапшы Тұяқбаев Ханат «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи мәдени қорық мұражайы қарамағындағы 18 тарихи-мәдени мұра объектілерінің тарихи келбетін және қалпына келтіруге арналған жобаларымен қонақтарды таныстырып, алдағы уақыттағы жоспарларымен бөлісті.
Іссапар барысында кездесуге қатысушылар «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты «Хан мешіті», «Хан ордасы» және Күлтөбе қалашығы мен «Жеті ата», «Дарбаза», «Мүсәлла», «Тәкия» қақпаларын аралады.
ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне алғашқылардың бірі болып кірген (2004 жылдың 1 шілдесінде) «Таңбалы» археологиялық ландшафт петроглифтері кешенінде (қола дәуірі, орта ғасыр) ағымдағы жылға жоспарланған қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. «Қазқайтажаңарту» кәсіпорны кешеннің инфрақұрылымын жетілдіріп оны туристтік айналымға енгізу, болашақ ұрпаққа сақтау мақсатын негізге ала отырып 2018 жылы петроглифтерді консервациялау және Таңбалы мекенін көгалдандыру жұмыстарын жүргізді. Петроглифтердің II, IV топтарына шығатын тас баспалдақтар ауыстырылды және II топта ағаштан подиум орнатылды. Туристтерге арналған күркелер, орындықтар жаңартылды. Қазақ қыстауы алаңы мен жалғыз аяқ жолдарға түйіршік тастар төгілді және петроглифтер алдында қоршаулар орнатылды.
Қазақстанның ең көне қалаларының бірі Күлтөбе Қалашығында (I мыңжылдық ортасы - XIV ғасыр) археологиялық ескерткіштерді консервациялау және музейлендіру (қорған құрылыстары, сарай және тұрғын үй нысандары) жұмыстары аяқталды. Қабырғалар мен қабырғалардың апатты бөліктері толық қалпына келтірілді.
Атырау облысы, Махамбет ауданында орналасқан XIII-XVI ғасырларға жататын Сарайшық қалашығында қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. «Қазқайтажаңарту» кәсіпорны 2018 жылдың қараша-желтоқсан айлары аралығында қалқа орнату жұмыстарын жүргізді. Металл конструкциясы тұрғызылып монтаждау жұмыстары жүргізілді және төсеніш орнатылды. Қазіргі уақытта қалқа орнату жұмыстары толық аяқталды.
«Қазқайтажаңарту» РМК 1-15 қараша аралығында атқарған жұмыстары. Аппақ Ишан кесенесінде күмбездерді әрлеу қыштарымен қаптау жұмыстары толық аяқталды. Қазіргі уақытта контрфорс (бүйіртірек) қалау жұмыстары жалғасуда.
Страница 21 из 37