«Қазқайтажаңарту» РМК 15-31 қазан аралығында атқарған жұмыстары. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде үлкен күмбездің әрлеу қыштарын бөлшектеу жұмыстары жүргізілді.
«Қазқайтажаңарту» РМК 15-31 қазан аралығында атқарған жұмыстары. Бұрынғы нан өнімдері министрлігінің ғимаратының қабырғалары суэмулсия сырымен сырланып, қабырғалар негізі тас плиткаларымен қаланды. Ғимарат алдында орналасқан фонтан қайта қалпына келтірілді. Қазіргі уақытта қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.
«Қазқайтажаңарту» РМК 15-31 қазан аралығында атқарған жұмыстары. Талғар қалашығында тақтатастар, қабырғалар негіздері және суағарлар тазартылды. Сонымен қатар, бұрыштық мұнара қабырғалары ақталып, қалпына келтірілді. Қазіргі уақытта ескерткіш аумағында қоршау орнату жұмыстары жалғасуда.
2018 жылдың 30-31 қазан күндері ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Кластерлік бюросы Нидерланд Корольдігінің қаржылық қолдауымен «Тарихи қалалық ландшафтарға бағытталған тәсілді енгізу жолымен Түркістандағы, Қазақстан, Қожа Ахмет Ясауи кесенесін техникалық қолдау» тақырыбында алғашқы ұлттық семинарын өткізді. «Қазқайтажаңарту» кәсіпорны тарапынан семинарға бас директордың орынбасары Токмагамбетов Еркебулат пен Ғылыми зерттеу және жобалау филиалының директоры Карманов Шымыр, Ғылыми зерттеу және жобалау филиалының бас архитекторы Бейсембаева Ляззат қатысты.
Семинар қатысушыларды ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізілген тарихи қалаларды дамытудың негізгі құралы бола алатын тарихи қалалық ландшафтарға бағытталған тәсілдерді енгізу туралы ұсыныстармен таныстыруға бағытталған. Сондай-ақ, бұл кездесу Дүниежүзілік мұра нысандарын қалалық ортада қорғау мәселелерін шешуге септігін тигізеді.
«Қазқайтажаңарту» РМК 1-15 қазан аралығында атқарған жұмыстары. Аппақ Ишан кесенесінде 10 күмбез толық қалпына келтірілді. Қазіргі уақытта қалған 10 күмбездерінде қалау жұмыстары жүргізілуде.
Басқамыр қалашығында (IX–XII ғасырлар) қайта қалпына келтіру жұмыстары басталды. 1-15 қазан аралығында Басқамыр қалашығында ескерткіш аумағы қоқыс және өсімдік қабатынан тазартылды. Жалғыз аяқ жолдар бөлшектеніп, түйіршік тастар төгілді. Құлаған қабырғалар көтеріліп саз балшықмен сыланды, сондай-ақ кіреберіс бөлік пен баспалдақтар қайта қалпына келтірілді.
«Қазқайтажаңарту» РМК 1-15 қазан аралығында атқарған жұмыстары. Қарасай және Ағынтай батырлар мемориалдық кешенінде жарықтандыру жүйесі бойынша – прожекторлар қалпына келтіріліп, шынылары ауыстырылды. Құрылыс ағаштарын бөлшектеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.
Страница 24 из 37