«Қазқайтажаңарту» РМК 13-31 тамыз аралығында атқарған жұмыстары. Аппақ Ишан кесенесінде күмбездің әрлеу қыштары бөлшектеніп, ауа өткізгіш қышпен қапталды.
«Қазқайтажаңарту» РМК 13-31 тамыз аралығында Тараз қалашығында келесі жұмыстарды атқарды:
• Тастан қаланған іргетастың бұзылған бөліктерін бөлшектеп бұзып алу;
• Магистрал және ішкі көшелердің беткі қабатының топырағын 0,1- 0,15 м қырып алып тастау;
• Іргетастартардың түбін үйінді топырақтан тазарту;
• Ішкі аулалардағы және бөлмелер едендерінің беттеріндегі топырақ қабатын қырып алып тастау;
• Тас конструкцияларын қалау. Қабырғаларды бастапқы қалпына келтіру.
2018 жылдың 13-31 тамыз аралығында Күльтөбе қалашығында (Түкістан қ.) сылақ үшін іргені дайындау жұмыстары жүргізілді.
2018 жылдың 13-31 тамыз аралығында Сауран қалашығында мұнара қабырғаларын қам кірпішпен қалау және магистрал көшеде археологиялық тазарту жұмыстары жүргізілді.
2018 жылдың 13 тамыз бен 31 тамыз аралығында Сығанақ қалашығында жалғыз аяқ жолдар, бекініс қабырғалары және оқатар қалпына келтірілді. Сонымен қатар ағаш көпір орнатылды.
«Қазқайтажаңарту» РМК-ның 1-12 тамыз аралығындағы атқарған жұмыстары. Түркістан қалашығында мешіттің және қалқаның іргетасы орнатылды.
«Қазқайтажаңарту» РМК 1-12 тамыз аралығында атқарған жұмыстары. Тараз қалашығында қабырғалар бөлшектеніп қалпына келтірілді және іргетас орнтылды. Сонымен қатар еден төсеніші қайта төселді және ішкі бөліктердің тас конструкциялары қалпына келтірілді.
«Қазқайтажаңарту» РМК-ның 1-12 тамыз аралығындағы атқарған жұмыстары. Талғар қалашығы ескерткішінің беткі бөлігі сыланып бітті, қалған сыртқы қабырғалар сылануда. Сондай-ақ, жақтау бөлшектенді.
Страница 28 из 37