«Қазқайтажаңарту» РМК-ның 16-31 шілде аралығындағы атқарған жұмыстары. Талғар қалашығы ескерткішінде сыртқы қабырғалар сыланды, сондай-ақ қоршаулар әзірленді. Қазіргі уақытта Талғар қалашығында ескерткішті қайта қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.
«Қазқайтажаңарту» РМК-ның 16-31 шілде аралығында атқарған жұмыстары. Сығанақ қалашығында қорған қабырғалары қорғаныш кірпішімен қоршалды. Қабырғалар бөлімдеріне шап блоктардан құралған қорғаныш қоршаулары жасалды. Қазіргі уақытта қайта қалпына келтіру бойынша жұмыстар жалғасуда.
«Қазқайтажаңарту» РМК-ның 16-31 шілде аралығындағы атқарған жұмыстары. Сауран қалашығындағы ескерткіштерді қалпына келтіру және консервациялау кезінде ескерткіш аумағын да археологиялық тазарту жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ кірпіштер әзірленді. Қазіргі уақытта қайта қалпына келтіру бойынша жұмыстар жалғасуда.
«Қазқайтажаңарту» РМК-ның 16-31 шілде аралығындағы атқарған жұмыстары. Отырар қалашығы ескерткіштері: үлкен Собор мешіті, негізгі қалалық қақпа, «Хамам» шығыс моншасы және басқа ескерткіштерді қалпына келтіру аймағында бекініс қабырғалары қам кесектен жасалған кірпішпен қоршалды. Қазіргі уақытта қайта қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.
«Қазқайтажаңарту» РМК-ның 16-31 шілде аралығындағы атқарған жұмыстары. Мерке және Құлан қалашықтарында консервациялық және қайта қалпына келтіру жұмыстары басталды. Ескерткіш аумағында тазарту жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ, уақытша қалқа дайындалды. Қазргі уақытта қайта қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.
«Қазқайтажаңарту» РМК-ның 16-31 шілде аралығындағы атқарған жұмыстары. Жидебайдағы Абай - Шәкәрім мавзолей-кешенінде қасбеттік жүйені монтаждау, жиектастарды және қасбеттердің бетін тазарту, кесененің айналасындағы төсенішті жөндеу жұмыстары жүрді. Қазіргі уақытта қайта калпына келтіру жұмыстары жалғасуда.
«Қазқайтажаңарту» РМК-ның 16-31 шілде аралығындағы атқарған жұмыстары. «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» мазарында баспалдақтарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Баспалдақтар бөлшектеніп, қайта қалпына келтірілді. Қазіргі уақытта қайта қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.
Қарасай және Ағынтай батырлар мемориалдық кешенінде қайта қалпына келтіру жұмыстары басталды. 2018 жылдың 16 шілде күнінен 31 шілде аралығында бөлшектеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.
Страница 30 из 37