2018 жылдың қараша айында Сарайшық қалашығында қайта қалпына келтіру жұмыстары басталды. 1-15 қараша аралығында «Қазқайтажаңарту» кәсіпорны қалқа фундаментін орнатып, анкерлі бұрандамалармен бекітті. Фундаментке бетон құйылды және гидрооқшауланды. Сонымен қатар металл конструкциялары әзірленіп, сұр түске боялды.
1-15 қараша аралығында Талғар қалашығында 2018 жылға жоспарланған қоршау жұмыстары толық орындалды. Қазіргі уақытта қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.
2018 жылдың 1-15 қараша аралығында Басқамыр қалашығында қабырғалар мен жалғыз аяқ жолдар толық қайта қалпына келтірілді. Жолдардың бойында жиектастар орнатылды. Қазіргі уақытта қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.
1-15 қараша аралығында Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде күмдездің әрлеу кыштарын бөлшектеу жұмыстары жалғасты.
«Қазқайтажаңарту» кәсіпорнымен 1-15 қараша аралығында Күлтөбе қалашығында қалпына келтірілген бекініс қабырғалары сыланды және қабырғалардың апаттық бөліктері қайта қалпына келтірілді.
«Қазқайтажаңарту» РМК 1-15 қараша аралығында атқарған жұмыстары. «Таңбалы» Археологиялық ландшафт петроглифтері кешенінде көру алаңында платформалар орнатылды және туристтерге арналған жалғыз аяқ жолдар салынды. Қазіргі уақытта күрке құрылымдарын әзірлеу жұмыстары жалғасуда.
«Қазқайтажаңарту» республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен «Қырғызреставрация» ғылыми-зерттеу жобалау институты ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Меморандумда рестовраторлардың біліктілігін арттыру мәселелерін шешуді қамтитын біріккен жобаларды әзірлеу мен жүзеге асыру шаралары қарастырылған.
Шет ел әріптестерімізбен ынтымақтастықта болу біздің үлесімізді тек қана Қазақстан Ресубликасының тарихи-мәдени ескеткіштерін сақтауға ғана емес, бүкіл Түркі әлеміндегі тарихи мұрамызды қорғауға септігін тигізеді деген ниеттеміз.
«Қырғызреставрация» ғылыми-зерттеу жобалау институтында Орта Азияда бірден-бір Реставрация факeльтеті бар екендігін ескере отырып, болашақта мол тәжірибе алмасатындығымызға сенімдіміз.
«Қазқайтажаңарту» республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен Өзбекстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Madaniy meros ta’mirlash-tiklash» мемлекеттік кәсіпорны тарихи-мәдени мұраны сақтау, зерттеу және халық арасында тарату, сонымен қатар екі мемлекет арасындағы ғылыми байланыстарды тереңдету мақсатымен екіжақты Меморандумға қол қойды.
Ынтымақтастық туралы меморандумда ғылыми-зерттеу және ғылыми-білім беру жобаларын бірлесіп әзірлеу, біліктілік арттыруға бағытталған тағылымдамалар ұйымдастыру мәселелері қарастырылған.
Страница 22 из 37