Бүгін «Қазқайтажаңарту» кәсіпорны басшысы Садуов Асылхан Түркістан қаласында өткен ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин және ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мухамедиұлымен кездесуге қатысты. Кездесу барысында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты ескерткіштерде қайта қалпына келтіру жұмыстары жоспарлары талқыланып, алдағы уақытқа міндеттер мен мақсаттар анықталды.
Еске сала кетсек, «Қазқайтажаңарту» кәсіпорны 18 нысанда ғылыми-реставрациялық жұмыстардың жобасын әзірлеп, 2021 жылға дейін жұмыстар жоспарын құрған болатын. Кәсіпорын 2019 жылы «Хан мешіті», «Хан ордасы» және Күлтөбе қалашығы мен «Жеті ата», «Дарбаза», «Мүсәлла», «Тәкия» қақпалары нысандарында қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді жоспарлауда.