«Қазқайтажаңарту» кәсіпорны мамандары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, қала және облыс әкімдеріне 2019 жылға жоспарланған қайта қалпына келтіру жұмыстары туралы баяндама жасап, жобалар бойынша презентация жасады. «Қазқайтажаңарту» кәсіпорны бас директордың м.а. Садуов Асылхан, бас директордың орынбасары Токмагамбетов Еркебулат және бас сарапшы Тұяқбаев Ханат «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи мәдени қорық мұражайы қарамағындағы 18 тарихи-мәдени мұра объектілерінің тарихи келбетін және қалпына келтіруге арналған жобаларымен қонақтарды таныстырып, алдағы уақыттағы жоспарларымен бөлісті.
Іссапар барысында кездесуге қатысушылар «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты «Хан мешіті», «Хан ордасы» және Күлтөбе қалашығы мен «Жеті ата», «Дарбаза», «Мүсәлла», «Тәкия» қақпаларын аралады.