1.Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, XIV ғасырдың соңы

1.Кітапхананың желдетілетін жабыны бойынша жұмыстарды жалғастыру
2.Үлкен Ақсарай төбесінің үстінен уақытша шатыр орнату бойынша жұмыстарды жалғастыру

2.Рәбия Сұлтан Бегім кесенесі, XI ғасыр
1.Шатыр кемеріне өндірістік саты орнату(жұмысты жалғастыру)

3."Тақия қақпа" XVII-XVIII ғғ.
1.Қабырғаларды қалау

4."Жеті ата қақпа" XVII-XVIII ғғ.
1. Мұнара іздерін анықтау бойынша археологиялық жұмыстарды жалғастыру
2. Қабырғаларды сылау
3. Қабырғаның жоғарғы бөлігін жабу

5."Сауран" археологиялық-сәулет кешені XIII-XVI-XVIII ғғ.
1.Ағаш блоктарды байланыс үшін орнату
2. Ағаш арқалықтардың бекіністерімен қабырға қалау
3.Шикі кірпішті дайындау бойынша жұмыстар. 40х20х 8 см
(ежелгі үлгідегі)

6."Ақыртас" сәулет-археологиялық кешені VIII-XII ғғ.
-Нысан бойынша барлық ғылыми - реставрациялық жұмыстар аяқталды.

7."Мірәлі баба" кесенесі, XIX ғасырдың соңы
1.Сегізқырлы қабырғаны қалау жұмыстарын жалғастыру
2.Күмбездің қалпына келтірілгенге дейінгі ішкі беті
3.Бөлме ішінде сатыларды орнату. Күмбездегі кірпіштің бетін тұз және кірден тазарту.
4.Күмбездің ішкі бетінің тігістерін түйістіру (жұмысты жалғастыру)
5.Порталдың солтүстік жағындағы кірпішті қалпына келтіру
6.Портал шатырына тұтастырғыш орнату

8.Сырымбет үй- жайы (Уәлихановтардың үй- жайы) XIX ғасыр
1. Жұмыс басталғанға дейінгі жағдайы
2. Қасбетті тазалау

9.Абай Құнанбайұлы тұрған үй (Анияр Молдабаевтың үйі), қазіргі – "Алаш арыстары-М.Әуезов" музейі, сәулетші белгісіз, XIX ғасырдың соңы
1. Жұмыс басталғанға дейінгі жағдайы
2. Сылақ торын монтаждау
3.Құрылыс сатыларын орнату
4.Қасбеттің астыңғы бөлігін сылау
5. Қабырғаларды оқшаулау

WhatsApp Image 2021 05 29 at 101827

WhatsApp Image 2021 05 29 at 101828

WhatsApp Image 2021 05 29 at 101828 1

WhatsApp Image 2021 05 29 at 101829

WhatsApp Image 2021 05 29 at 101829 1

WhatsApp Image 2021 05 29 at 101830

WhatsApp Image 2021 05 29 at 101830 1

WhatsApp Image 2021 05 29 at 101831

WhatsApp Image 2021 05 29 at 101831 1

Қарағанды облысындағы сапар барысында “Қазқайтажаңарту” РМК бас директоры Махаббат Бигельдиев бірқатар тарихи нысандарды аралап көрді.

Ең алдымен, Лабақ кесенесінің ішкі-сыртқы жағдайымен толықтай танысып өтті. Нысанмен танысу барысында, биылғы жылы атқарылатын жұмыстарды белгілеп, сәйкесінше, жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар берді.

Келесі кезекте, Кетебай кесенесі мен Домбауыл салт-жоралғы құрылысын аралау барысында, аталған нысандарды алдағы уақытта сақтап қалу және ғылыми-реставрациялау бағытындағы жүргізілетін жұмыстардың жоспарына енгізу туралы мәселелерді айтып өтті.

Кездесуге “Қазқайтажаңарту” РМК  қарасты Қызылорда филиалының басшысы Нұрболат Мұратбеков және мердігер мекеменің өкілі қатысты.

WhatsApp Image 2021 05 26 at 121234 3

WhatsApp Image 2021 05 26 at 130224

 WhatsApp Image 2021 05 26 at 121234 4

WhatsApp Image 2021 05 26 at 121234 6

WhatsApp Image 2021 05 26 at 121234 7

45321705

 

 

 

 

Екі күнге жалғасқан “Инком” ЖШС оқу орталығында, ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 4 ақпандағы N28 бұйрығына сәйкес, “Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми- реставрациялық жұмыстардың орындалуын бағалау нормативтерін бекіту” заңнамасындағы жаңадан енгізіліп жатқан сметалық бағдарламаны түсіндіру бойынша “Қазқайтажаңарту” РМК бас ғимаратының және өңірдегі филиалдардың өндірістік - техникалық бөлімінің мамандары дәріс сабақтарын алуда.

WhatsApp Image 2021 05 25 at 152953 1

ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов Оғланды жерінде орналасқан “Бекет Ата” жерасты және "Шопан ата" мешіттерінің былтырғы жылы атқарылған жұмыстарымен танысып қайтты.
Іссапар барысындағы жиынға "Қазқайтажаңарту" РМК бас директоры Махаббат Бигельдиев, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Гүлмира Қалмұратова, Маңғыстау облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Пәния Сармурзина, “Маңғыстауреставрация” мекемесінің директоры Құралбай Озғанбаев қатысты.
Сәйкесінше, алдағы уақытқа жоспарлар құрылып, атқарылатын жұмыстар нақтыланды. Сонымен қатар, Маңғыстау өлкесінде орналасқан басқа да республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің бүгінгі жағдайы туралы әңгімелер қозғалып, нысандарды сақтап қалу және ғылыми-реставрациялау жұмыстарын өткізу бойынша келер жылға жоспарлар талқыланды.

 

WhatsApp Image 2021 05 24 at 104506

 
1.Қожа Ахмет Ясауи кесенесі XIV ғасырдың соңы
1.Қалпына келтіру жұмыстары басталғанға дейінгі шатырдың жағдайы
2.Кітапхананың шатырындағы демонтаждау жұмыстары
3.Үлкен Ақсарай төбесінің үстіне уақытша шатыр орнату
2.Рәбия Сұлтан Бегім кесенесі, XI ғасыр
1.Жұмыстар басталғанға дейін күмбездің жай-күйі
2.Кесененің периметрі бойынша қоршау
3.Шатыр кемеріне өндірістік саты орнату
4. Глазурленген бөлшектерді дайындау басталды
3."Тақия қақпа" XVII-XVIII ғғ.
1.Іргетасқа топырақ қазу
4."Жеті ата қақпа" XVII-XVIII ғғ.
1.Қабырғадан көлбеу жасау үшін ішкі жағынан топырақ қазу
2.Қабырғаның ішкі бөлігін гидрооқшаулау
3.Еңісті құру жөніндегі жұмыстарды аяқтау
5."Сауран" археологиялық-сәулет кешені XIII-XVI-XVIII ғғ.
1. Порталға жанасатын қабырғаны қайта салу бойынша демонтаждау жұмыстары
2. Шикі кірпішті дайындау бойынша жұмыстар. 40х20х8 см (ежелгі үлгі)
6-7."Ақыртас" сәулет-археологиялық кешені VIII-XII ғасыр
1. Археологтың бақылауымен жобаға сәйкес археологиялық және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетін аймақтар анықталды
2. Өсімдік қабатын тазарту
3. Артық топырақ пен өсімдік қабатын жөнелту
4. Қабырғалардың орналасуын анықтау үшін қазба жұмыстары.
5. Қабырғаларды қалау арқылы реставрациялау
6. Қабырғаларды қалау
7. Еденге саз қабатын төсеу
8. Қабырға бетін гипс қоспасымен консервациялау
9. Еден бетіне қиыршық тас төсеу
10. Табылған жәдігер
8-9."Мірәлі баба" кесенесі, XIX ғасырдың соңы
1. Жұмыс басталғанға дейінгі жағдай
2. Дайындық жұмыстары
3. Реставрацияға дейінгі сегіз бұрышты қабырға
4. Сегіз бұрышты қабырғаны демонтаждау
5. Сегіз қырлы Қабырға қалау
6. Іргетасы кірпіштен жасалған су өткізу құрылғысы
7. Күмбез қаптамасын бөлшектеу
8. Күмбезді қаптау
9. Қираған кірпіштер мен қабырға қалау жіктерін шегендеу, қасбеттегі өсімдіктерді алып тастау
 
 
 
WhatsApp Image 2021 05 24 at 081049
WhatsApp Image 2021 05 24 at 081050
WhatsApp Image 2021 05 24 at 081051
WhatsApp Image 2021 05 24 at 081051 1
WhatsApp Image 2021 05 24 at 081052
WhatsApp Image 2021 05 24 at 081052 1
WhatsApp Image 2021 05 24 at 081053
WhatsApp Image 2021 05 24 at 081053 1
WhatsApp Image 2021 05 24 at 081054

Екі күнге созылған жұмыс сапары аясында, Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан “Сырымбет үй-жайының” ағымдағы жағдайын көріп қайтты. 

“Қазқайтажаңарту” РМК бас директорының  өндірістік істері жөніндегі орынбасары Исабек Нұрмағамбетовтың, өндіріс- техникалық бөлімінің мамандарының, Ғылыми -зерттеу және  жобалау филиалының басшысы Айдын Айманбековтың қатысуымен нысандағы туындаған бірқатар мәселелердің шешу жолдары қарастырылды.

Аталған нысанда, қалпына келтіру жұмыстарының бағыты бойынша,  филиал басшысы мен жұмыстарды орындаушыларға нақты тапсырмалар берілді.
 
 

278534F1 0753 4082 9DED 7585F52CF0EB

5BB714EC DCAB 4C00 A73B D80A5C7BEE4C

 7DC03BD3 28ED 4BDC 840B 9B96F5FDC916

 

Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың қатысуымен, Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай, Абай атындағы Қазақ Ұлттық академиялық опера және балет театрында, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарының, мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау салтанатты жиыны өтті.
Ақтоты Рахметоллақызы жиында барлық мәдениет және өнер қызметкерлерін айтулы мерекемен құттықтап, марапаттау рәсімі барысында “Қазқайтажаңарту” РМК қызметкерлеріне де төсбелгілер мен алғыс хаттарды табыс етті.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісімен марапатталды :

1. Кенжебаев Өмірәлі

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамоталары және Алғыс хаттарымен марапатталды:

1. Досбергенов Кумушбек
2. Касенеев Саламат Еркинович
3. Ахметова Гулзат
4. Қозыкенов Құралбек

Құтты болсын!💐💐💐

 MG 0045

 

 MG 0043

 MG 0050

Бүгін кезекті жұмыс сапарымен “Қазқайтажаңарту” РМК бас директорының өндірістік істері жөніндегі орынбасары Исабек Нұрмағамбетов, өндіріс- техникалық бөлімінің мамандары, Ғылыми - зерттеу және жобалау филиалының басшысы Айдын Айманбеков, Ақмола облысы, Көкшетау қаласындағы «В.В. Куйбышев мұражай-үйінің» ағымдағы жағдайымен танысты.

Кездесу барысында алдағы уақытта жасалынуы тиіс шаруалар бойынша жұмыстар белгіленіп, жоспарлар нақтыланды.

 

WhatsApp Image 2021 05 20 at 123719WhatsApp Image 2021 05 20 at 123717WhatsApp Image 2021 05 20 at 122110

FaLang translation system by Faboba
Мы в социальных сетях