Қарағанды облысындағы сапар барысында “Қазқайтажаңарту” РМК бас директоры Махаббат Бигельдиев бірқатар тарихи нысандарды аралап көрді.
Ең алдымен, Лабақ кесенесінің ішкі-сыртқы жағдайымен толықтай танысып өтті. Нысанмен танысу барысында, биылғы жылы атқарылатын жұмыстарды белгілеп, сәйкесінше, жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар берді.
Келесі кезекте, Кетебай кесенесі мен Домбауыл салт-жоралғы құрылысын аралау барысында, аталған нысандарды алдағы уақытта сақтап қалу және ғылыми-реставрациялау бағытындағы жүргізілетін жұмыстардың жоспарына енгізу туралы мәселелерді айтып өтті.
Кездесуге “Қазқайтажаңарту” РМК қарасты Қызылорда филиалының басшысы Нұрболат Мұратбеков және мердігер мекеменің өкілі қатысты.