Қырғызстан астанасында Ұлы Абайдың ескерткіші орнатылып, ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қырғызстан Республикасының Президенті Садыр Жапаров қатысты.  

WhatsApp Image 2022 05 27 at 101025 1

Мемлекет басшысы бұл күнді қазақ пен қырғыздың рухани өміріндегі ерекше күн ретінде бағалап, Бішкек төрінде Абай ескерткішінің бой көтеруін қырғыз елінің қазақ халқына деген айрықша құрметінің белгісі деп атап өтті. 

 photo5224711644549069707  

Тұғырымен қоса есептегенде жалпы биіктігі 4,6 метр болатын ұлы ойшылдың мүсіні Бішкек қаласындағы,  «Театральный» орталық алаңында орнатылды. Ескерткіш қоладан, тұғыры гранит тастан жасалған. Ескерткіштің авторы - мүсінші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі - Асқар Нартов. Жоба ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырмасымен, “Қазқайтажаңарту” кәсіпорыны жүзеге асырды. Жобалық-сметалық құжаттамасы "Нұрлан Смағұлов қоры" жеке қорының қаржылық демеушілігімен әзірленді.

photo5222117776360062989

 

Қазақтың ұлы ақыны Абайдың мәртебесі тек еліміздің көлемінде емес, шет елдерде де асқақ екені белгілі. Себебі, ұлы ақынның мол мұрасы, адамгершілік өсиеттері халқымыздың ғана емес, барша түркі елдерінің игілігіне айналды.

WhatsApp Image 2022 04 18 at 142422

18 СӘУІР - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕСКЕРТКІШТЕР МЕН ТАРИХИ ОРЫНДАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитетінің төрағасы Роза Кәрібжанова Әзірет Сұлтан қорық-музейі және Ежелгі Отырар қалашығындағы бірқатар нысандарды аралап қайтты.

WhatsApp Image 2022 04 01 at 113054

Іссапар барысында кешенді нысандардағы былтырғы жүргізілген ғылыми-реставрациялық жұмыстардың және ағымдағы жылы атқарылатын жұмыстардың жоспарымен танысты.

WhatsApp Image 2022 04 01 at 113030
Сәйкесінше, объектілердің жай-күйі егжей-тегжейлі талқыланып, бірқатар мәселелер пысықталды.

WhatsApp Image 2022 04 01 at 174414

Сонымен қатар, тарихи-мәдени нысандарды сақтап қалу мақсатында алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар нақтыланды.

WhatsApp Image 2022 04 02 at 135554

Басқосуға, “Қазқайтажаңарту” РМК басшылығы, музей- қорық басшылықтары, жобалаушы, археолог мамандар қатысты.

⚜️«Қазқайтажаңарту» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының 50 жылдық мерейтойына орай және Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін атап өтуге арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

WhatsApp Image 2022 03 31 at 161742

⚜️Шараға, Алматы қаласындағы Мәдениет және өнер саласындағы әріптестеріміз, кәсіпорнымыздың ардагерлері және қызметкерлері қатысты.

⚜️Көпшілік алдында кәсіпорынымыздың қызметкерлері мен қонақтары қол күрестіру, арқан тарту және гір көтеру сынды ұлттық спорт түрлерінен бақ сынасты. Жүлдегерлер анықталынып, марапатталды.

WhatsApp Image 2022 03 31 at 161727 1 WhatsApp Image 2022 03 31 at 161749

⚜️Ұлттық нақыштағы тігілген киіз үй төрінде қонақтарға ас тартылып, дәстүрлі ұлттық тағам - Наурыз көже ұсынылды. Мерекелік концерт өз жалғасын тапты.

WhatsApp Image 2022 03 31 at 161750

Сонымен қатар, кәсіпорынның бас директоры Махаббат Бигельдиев құттықтау сөз сөйлеп, Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келіп отырған Кәсіпорынның 50 жылдық мерейтойымен құттықтап, ұжымның игі бастамаларына сәттілік тіледі.

WhatsApp Image 2022 03 31 at 161747

⚜️Бұдан өзге, «Қарттарымыз - асыл қазынамыз» демекші, реставрация, реконструкция, қалпына келтіру бағытындағы жұмыстардың дамуына сүбелі үлесін аянбай қосып келген Кәсіпорынымыздың ардагерлеріне сый-құрмет көрсетілді.

Ағымдағы жылдың 2-3 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен, Мәдениет комитетінің төрағасы Ақан Абдуалиевтың қатысуымен «Жібек жолы: Ферғана-Сырдария дәлізі» бойынша жұмыс тобының өңірлік кеңесі өтті.

 WhatsApp Image 2021 12 02 at 113739 1

Кеңесте «Жібек жолы: Ферғана-Сырдария дәлізі» трансұлттық номинациясының алдын-ала тізіміне ескерткіштерді енгізу үшін, объектілердегі үйлестіру және критерийлерді анықтау мәселелері, трансұлттық номинацияның іс-қимыл жоспарын ілгерілету арқылы  өзектендіру  және объектілер тізімін бекіту бойынша бірқатар маңызды мәселелер талқыланды.

WhatsApp Image 2021 12 06 at 202503

Сонымен қатар, номинацияның тізіміне енгізілуі үшін еліміздегі республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің презентациясы қатысушылардың назарына ұсынылды. 

Екі күнге жалғасқан жиын аясында алыс-жақыннан келген қатысушылардың баяндамасы тыңдалып, қатысушылар өзара пікірлесті.

WhatsApp Image 2021 12 02 at 122255

Жиынға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің, Қырғыз Республикасы Мәдениет, ақпарат және туризм министрлігінің, Тәжікстан Республикасы Мәдениет министрлігінің, Өзбекстан Республикасы ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан бойынша Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросының, Орталық Азия зерттеулері халықаралық институтының және Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясы жанындағы Дүниежүзілік мұра ұлттық комитетінің өкілдері қатысты.

WhatsApp Image 2021 12 02 at 184100

Ортағасырлық Сарайшық қалашығын ғылыми-зерттеу, қалпына келтіру және сақтау мәселелері бойынша кеңес өтті.

Жиын барысында, Ортағасырлық Сарайшық қалашығында атқарылатын келелі мәселелерді қарастырып , оның шешу жолдары бойынша қатысушылар өзара пікір алмасты.

WhatsApp Image 2021 11 24 at 220826

Басқосуға ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитетінің төрағасы Ақан Абдуалиев, «Қазқайтажаңарту» РМК бас директоры Махаббат Бигельдиев, музей-қорық басшылығы, өндірістік-техникалық бөлімінің мамандары, жоба авторы және археолог-мамандар  қатысты.

WPPP4.jpg

Жалпы, қазақ даласындағы ең көне тарихи орындардың бірі-Сарайшық қаласы.

Қала Жайық өзенінің жағасында Атырау қаласынан елу шақырым қашықтықта орналасқан.

WhatsApp Image 2021 11 24 at 015843

Жиын қорытындысы бойынша, күн тәртібіндегі мәселелер толық талқыланып, жоспарлар құрылды.

Келер жылға атқарылатын жұмыстар белгіленді.

 

 

FaLang translation system by Faboba
Мы в социальных сетях