ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитетінің төрағасы Роза Кәрібжанова Әзірет Сұлтан қорық-музейі және Ежелгі Отырар қалашығындағы бірқатар нысандарды аралап қайтты.
Іссапар барысында кешенді нысандардағы былтырғы жүргізілген ғылыми-реставрациялық жұмыстардың және ағымдағы жылы атқарылатын жұмыстардың жоспарымен танысты.
Сәйкесінше, объектілердің жай-күйі егжей-тегжейлі талқыланып, бірқатар мәселелер пысықталды.
Сонымен қатар, тарихи-мәдени нысандарды сақтап қалу мақсатында алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар нақтыланды.
Басқосуға, “Қазқайтажаңарту” РМК басшылығы, музей- қорық басшылықтары, жобалаушы, археолог мамандар қатысты.