Сарайшық – Ұлық ұлыстың астанасы дәрежесіне жеткен қала. Ортағасырлық деректерге сүйенсек, Сарайшықта Берке хан, Тоқты хан мұсылмандықты қабылдады. Жәнібек хан, Бердібек хан таққа отырды, ел басқарды. Сарай-Бату тарихын зерттеуші ғалым Е.Пигарев 12-ші 13 ғасыр, жылдары Еділ-Жайық аралығында астана деңгейіне жеткен екі қаланы – Сарай ал-Махрус пен Сарайшықты көрсетеді. Ал өзіміз бұрыннан аңыз қылып айтатын Жәнібек хан тарихы да Сарайшықпен байланыстырылады. «Аққу көлі» мен «Алтын қайық» туралы аңыздар астарында үлкен тарих бар.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сарайшықтың маңыздылығы мен танымалдығын арттыру үшін заманауи туризм инфрақұрылымы қажет екенін айтып өткен болатын.
Бүгінгі таңда Мәдениет және спорт министрлігі Ежелгі қалашық пен оның аумағындағы тарихи нысандарды қалпына келтіру және сақтау бойынша ғылыми негізде тұжырымдама әзірлеуде.
Осы тұрғыда Кәсіпорын ағымдағы жылы Сарайшық қалашығында ғылыми-реставрациялық жұмыстарын жүргізуді жоспарлауда.
Онлайн платформа арқылы қосылған бұл жиында, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тарихи-мәдени мұра басқармасының басшысы Жанат Сейдалиева сөз бастап, одан әрі Кәсіпорынның бас директоры Махаббат Бигельдиев орындалатын ғылыми- реставрациялық жұмыстардың ретін таныстырып, тың жоспарларымен бөлісті.
Бұдан өзге жиынға Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының мамандары, тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау Бүкілресейлік қоғамының Астрахань бөлімшесінің маманы, Сарайшық музей қорығының басшылығы, Атырау облыстық әкімдігінің қызметкерлері,
жоба архитекторы, археолог мамандар қатысты.
Күреңбел өңіріндегі Шоқан Уәлиханов атындағы «Алтынемел» мемориалды музейі жаңарып, Шоқан ескерткіші мен кесенесіне күрделі жөндеу мен реставрация жүргізіледі, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Кербұлақ ауданына барған жұмыс сапары барысында облыс әкімі Бейбіт Исабаев нысандардағы жөндеу жұмыстарының қалай жүргізілетіні жөнінде талқылады. Осыған орай, “Қазқайтажаңарту” РМК бас директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары Алмас Әбдібаев нысандағы биылғы жылға жоспарланған ғылыми-реставрациялық жұмыстардың бағытымен таныстырып өтті.
Музейдің іші заман талабына сай өзгертіліп, кешен жан-жақты жаңғыртылады деп жоспарлануда.
Уәлихановтың мемориалдық кешені, 1985 ж. Алтынемел баурайында ұлы ғалымның туғанына 150 жыл толу құрметіне ашылды. Мемориалдық кешен ғалымның бейітіне қойылған құлпытастан, ескерткіштен, музейден, қонақүйден және хауызды алаңнан тұрады. Басты ғимарат — Ш.Уәлихановтың ғылыми-шығармашылық мұрасын бейнелейтін музей үйі. Музей үйінің сыртқы пішіні қазақ халқының мемориалды архитекторның дәстүрінен ("төрт құлақ") туындаса, ішкі кеңістігі киіз үйді, жолаушының шатырын елестетеді. Интерьердің негізінен үш түсті — еденнің қара, қабырғаларының қызыл, төбесінің шымқай ақ болуы дәстүрлі көркемөнер мәдениетіндегі үшкіл әлем символын білдіреді. Үйдің едені бұрандалы түрде бірте-бірте биіктеп, екінші қабатқа көтерілуге мүмкіндік жасайды. Орталық зал (ауданы 18x18 м) бұрыштарынан бастап ортасына қарай еңіс диагоналды арқалықтармен жабылған.30 орындық кинозал мен келушілерге қызмет көрсететін жайлар бөлек орналасқан. Қонақүйдің (30 орынды) әсем интерьері музейдің композицияның құрылымын сақтай отырып, жалпы ансамбльдің ішкі, сыртқы түтастығымен ұласып кетеді.
Құрметті мәдениет және өнер саласының қызметкерлері!
Құрметті әріптестер!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Мәдениет пен өнер - рухани жаңғыруымыздың өмірлік мәйегі.
Ұлттық бай мәдени мұрамызды насихаттаудағы Сіздердің еңбектеріңізге шалқар шабыт, отбасыларыңызға амандық , табандылық пен толайым табыс тілейміз!💐💐💐
“Қазқайтажаңарту” РМК ұжымы
“Қазқайтажаңарту” РМК бас директорының жалпы мәселелері жөніндегі орынбасары Алмас Әбдібаевтың қатысуымен “Таңбалы” қорық- музейінде жүргізілетін реставрациялық жұмыстардың бағыты талқыланды.
Басқосуға жоба авторы, архитектор,геолог мамандар, Ғылыми-зерттеу және жобалау филиалының мамандары және қорық-музейдің басшылығы қатысты.
Туристік әлеуетті арттыру мақсатында Қорық-музейдегі жүргізілетін қайта қалпына келтіру жұмыстары биылғы жылға жоспарланған.
Жиында объектінің жай-күйі егжей-тегжейлі талқыланып, бірқатар мәселелер пысықталды.
Ортағасырлық сәулет өнерінің жаухары болып табылатын Қожа Ахмед Ясауи кесенесі республикалық маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштердің тізімінде.
2003 жылдан бастап ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік әлемдік мұралар тізімінде.
600 жылдан астам тарихы бар ескерткіш, сол замандағы сәулетшілердің, құрылысшылардың, шеберлердің батыл шешімдерінің арқасында бой көтерген күрделі конструкциялық құрылыс болып табылады.
Тарихи мұраның қорғалуын, сақталуын қамтамасыз ету кесенені ортақ игілігіміз ретінде тұтыну үшін оның бүлінуіне, тозуына әкеліп соқтыратын қауіпті жағдайлар – қазіргі өзекті мәселелердің бірі.
Жалпы,ескерткішті жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарының тарихы терең, сонау ХIХ ғасырдан бастау алады. Мәдени мұраны сақтауда әр кезеңде реставрациялық жұмыстар жүргізілген және де ол нақты бір мәселелерді шешуге бағытталған.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қожа Ахмед Ясауи кесенесінде кешенді зерттеу, зерделеу жұмыстарын жүргізу үшін Ғылыми- консультативтік кеңес құрылған болатын. Кеңестің отырысы үш күнге жалғасын тапты. Кесенені кешенді жоспарлау бағдарламасын жетілдіруде, консультативтік кеңестің мүшелерімен өткізілген бұл шара - отандық және шетелдік ғылыми институттардың түрлі салалардағы сарапшыларын қамтыды.
Мәселен:
- У.М. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және геоэкология институтының мамандарымен;
- «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми зерттеу және жобалау институтының» мамандарымен;
- Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Экология институтының мамандарымен;
- Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Ботаника және фитоинтродукция институты" ШЖҚ РМК мамандарымен;
- Ресей елінен Мемлекеттік қалпына келтіру ғылыми-зерттеу институтының Мұражайлар мен сәулет ескерткіштерінің Климаттық зертханасының және «Ресей сәулет және құрылыс ғылымдары академиясының» Құрылыс физикасы ғылыми-зерттеу институтының мамандарымен офлайн режимде ZOOM платформасы арқылы әңгімелесті.
Қазіргі таңда кесененің тікелей өзіне қатысты бірқатар проблемалары бар. Қазандық бөлмесінің декоративті күмбезінің физикалық жай-күйі, Кесененің жылу-ылғалдық режимі, сондай-ақ қабырға қалауының кейбір учаскелерінің, материалдарының ылғалдануы және тұздануы сияқты шешілмеген мәселелер бар. Консультативтік кеңес тобының мүшелері Сарапшылармен әңгімелесу барысында, көтерілген мәселелерді пысықтап, өзекті әңгімелер өрбіді.
Кешенді бағдарлама ескерткіштің маусымдық (жаз,күз,қыс,көктем) мониторнгтік зерттеулерімен сүйемелденеді. Зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша кесененің жай-күйіне мониторинг жүргізуге оның жай-күйіне әсер еткен себептерді анықтау мен жоюға, сондай-ақ оны алдын-алуға және сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған практикалық шаралардың жоспары әзірленетін болады. Көптеген таласты сұрақтардың жауабы кешенді ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесімен өз шешімін табады деген сенімдеміз.
Бүгін 9 мамыр- Ұлы Жеңіс күніне орай, “Қазқайтажаңарту” РМК директоры, Алматы облысы мәслихатының депутаты Махаббат Бигельдиев Қаскелең қаласының тұрғындары, Ұлы Отан соғыс ардагерлері Адиш Абдраимов және Половой Павел Игнатьевичпен арнайы жүздесіп, құттықтап қайтты.
9 Мамыр - Отан қорғаудағы өшпес ерлік пен өлшеусіз даңқтың,халқымыздың шексіз қаһармандығы мен мұқалмас қажыр- қайратының айтулы мерекесі.
Барлық Ұлы Отан соғыс ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына бақ- береке тілейміз!
Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!
Страница 8 из 37