Ортағасырлық сәулет өнерінің жаухары болып табылатын Қожа Ахмед Ясауи кесенесі республикалық маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштердің тізімінде.
2003 жылдан бастап ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік әлемдік мұралар тізімінде.

600 жылдан астам тарихы бар ескерткіш, сол замандағы сәулетшілердің, құрылысшылардың, шеберлердің батыл шешімдерінің арқасында бой көтерген күрделі конструкциялық құрылыс болып табылады.

Тарихи мұраның қорғалуын, сақталуын қамтамасыз ету кесенені ортақ игілігіміз ретінде тұтыну үшін оның бүлінуіне, тозуына әкеліп соқтыратын қауіпті жағдайлар – қазіргі өзекті мәселелердің бірі.
Жалпы,ескерткішті жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарының тарихы терең, сонау ХIХ ғасырдан бастау алады. Мәдени мұраны сақтауда әр кезеңде реставрациялық жұмыстар жүргізілген және де ол нақты бір мәселелерді шешуге бағытталған.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қожа Ахмед Ясауи кесенесінде кешенді зерттеу, зерделеу жұмыстарын жүргізу үшін Ғылыми- консультативтік кеңес құрылған болатын. Кеңестің отырысы үш күнге жалғасын тапты. Кесенені кешенді жоспарлау бағдарламасын жетілдіруде, консультативтік кеңестің мүшелерімен өткізілген бұл шара - отандық және шетелдік ғылыми институттардың түрлі салалардағы сарапшыларын қамтыды.
Мәселен:
- У.М. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және геоэкология институтының мамандарымен;
- «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми зерттеу және жобалау институтының» мамандарымен;
- Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Экология институтының мамандарымен;
- Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Ботаника және фитоинтродукция институты" ШЖҚ РМК мамандарымен;
- Ресей елінен Мемлекеттік қалпына келтіру ғылыми-зерттеу институтының Мұражайлар мен сәулет ескерткіштерінің Климаттық зертханасының және «Ресей сәулет және құрылыс ғылымдары академиясының» Құрылыс физикасы ғылыми-зерттеу институтының мамандарымен офлайн режимде ZOOM платформасы арқылы әңгімелесті.

Қазіргі таңда кесененің тікелей өзіне қатысты бірқатар проблемалары бар. Қазандық бөлмесінің декоративті күмбезінің физикалық жай-күйі, Кесененің жылу-ылғалдық режимі, сондай-ақ қабырға қалауының кейбір учаскелерінің, материалдарының ылғалдануы және тұздануы сияқты шешілмеген мәселелер бар. Консультативтік кеңес тобының мүшелері Сарапшылармен әңгімелесу барысында, көтерілген мәселелерді пысықтап, өзекті әңгімелер өрбіді.

Кешенді бағдарлама ескерткіштің маусымдық (жаз,күз,қыс,көктем) мониторнгтік зерттеулерімен сүйемелденеді. Зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша кесененің жай-күйіне мониторинг жүргізуге оның жай-күйіне әсер еткен себептерді анықтау мен жоюға, сондай-ақ оны алдын-алуға және сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған практикалық шаралардың жоспары әзірленетін болады. Көптеген таласты сұрақтардың жауабы кешенді ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесімен өз шешімін табады деген сенімдеміз.

 

 

0b297a4e0b69dc15140bb2c6022a7707  24a66105958fd662ec03a652e50c4373  405ddd2dbc6daed42ca927e06ddda738  452977dc30683961a7dca0a0b7e70c17  539b225c9c2dfe2532f832cdbecaaf1b  6ea5b850dc86ff8ad00c2759b04b9371  7bb06ca13b73036a84aa38a75b62259c  948c39204f61e3bbd909c4e14f650cd2  cfc06671f6c4750ef4f37f81082c5da8

FaLang translation system by Faboba
Мы в социальных сетях