Күреңбел өңіріндегі Шоқан Уәлиханов атындағы «Алтынемел» мемориалды музейі жаңарып, Шоқан ескерткіші мен кесенесіне күрделі жөндеу мен реставрация жүргізіледі, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Кербұлақ ауданына барған жұмыс сапары барысында облыс әкімі Бейбіт Исабаев нысандардағы жөндеу жұмыстарының қалай жүргізілетіні жөнінде талқылады. Осыған орай, “Қазқайтажаңарту” РМК бас директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары Алмас Әбдібаев нысандағы биылғы жылға жоспарланған ғылыми-реставрациялық жұмыстардың бағытымен таныстырып өтті.
Музейдің іші заман талабына сай өзгертіліп, кешен жан-жақты жаңғыртылады деп жоспарлануда.

Уәлихановтың мемориалдық кешені, 1985 ж. Алтынемел баурайында ұлы ғалымның туғанына 150 жыл толу құрметіне ашылды. Мемориалдық кешен ғалымның бейітіне қойылған құлпытастан, ескерткіштен, музейден, қонақүйден және хауызды алаңнан тұрады. Басты ғимарат — Ш.Уәлихановтың ғылыми-шығармашылық мұрасын бейнелейтін музей үйі. Музей үйінің сыртқы пішіні қазақ халқының мемориалды архитекторның дәстүрінен ("төрт құлақ") туындаса, ішкі кеңістігі киіз үйді, жолаушының шатырын елестетеді. Интерьердің негізінен үш түсті — еденнің қара, қабырғаларының қызыл, төбесінің шымқай ақ болуы дәстүрлі көркемөнер мәдениетіндегі үшкіл әлем символын білдіреді. Үйдің едені бұрандалы түрде бірте-бірте биіктеп, екінші қабатқа көтерілуге мүмкіндік жасайды. Орталық зал (ауданы 18x18 м) бұрыштарынан бастап ортасына қарай еңіс диагоналды арқалықтармен жабылған.30 орындық кинозал мен келушілерге қызмет көрсететін жайлар бөлек орналасқан. Қонақүйдің (30 орынды) әсем интерьері музейдің композицияның құрылымын сақтай отырып, жалпы ансамбльдің ішкі, сыртқы түтастығымен ұласып кетеді.

 

37d72b79a7e344a6425701624cc2d0ef 87f68f264b3332d1a6cfd7d3ba2c0c63 a1deffa31b3e095f0d7ee9f2ad8a2ce1

5be0ef471a9edac25d5f310e508290c0 5d93779383dbc5d79d49a393374cd4c7

FaLang translation system by Faboba
Мы в социальных сетях