ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов Оғланды жерінде орналасқан “Бекет Ата” жерасты және "Шопан ата" мешіттерінің былтырғы жылы атқарылған жұмыстарымен танысып қайтты.
Іссапар барысындағы жиынға "Қазқайтажаңарту" РМК бас директоры Махаббат Бигельдиев, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Гүлмира Қалмұратова, Маңғыстау облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Пәния Сармурзина, “Маңғыстауреставрация” мекемесінің директоры Құралбай Озғанбаев қатысты.
Сәйкесінше, алдағы уақытқа жоспарлар құрылып, атқарылатын жұмыстар нақтыланды. Сонымен қатар, Маңғыстау өлкесінде орналасқан басқа да республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің бүгінгі жағдайы туралы әңгімелер қозғалып, нысандарды сақтап қалу және ғылыми-реставрациялау жұмыстарын өткізу бойынша келер жылға жоспарлар талқыланды.

 

WhatsApp Image 2021 05 24 at 104506

FaLang translation system by Faboba
Мы в социальных сетях