Бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаментының директоры Күміс Сеитованың төрағалығымен онлайн ғылыми-әдістемелік кеңес өткізілді.
Жиында ZOOM жүйесі арқылы Отырар қалажұртына жүргізіліп отырған қалпына келтіру жұмыстарының 2021 жылға арналған жұмыс жоспары таныстырылды.
Сонымен қатар, қалажұртына келуші туристерге жағдай жасау мақсатында абаттандыру жұмыстарының жобасы ұсынылып, бірқатар мәселелер талқыланды.
Бұдан өзге , аталмыш жиынға “Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайының” республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жанындағы әдістемелік кеңес құрамының мүшелері қатысты.