Ағымдағы жылдың 11 тамызында, «Қазқайтажаңарту» РМК бас директоры Махаббат Бигельдиевтің қатысуымен, 2021 жылға арналған мемлекеттік тапсырмалардың тізбесінің негізінде жоспарланған нысандардың жобалау-сметалық құжаттарды нақтылау бойынша жиын өтті.
Жиында Ғылыми-зерттеу және жобалау филиалының бас инженері Гуляим Мамедулданова жоспарланған нысандар бойынша жобалау-сметалық құжаттардың дайындалуы туралы есеп берді. Сәйкесінше, нысандардағы ғылыми- реставрациялық жұмыстар Кәсіпорынның өндірістік кестесіне сәйкес жүргізіледі.
Қорытындылай келе, Бас директор жобалау-сметалық құжаттарды дайындау және жұмыстардың жүргізілу барысындағы кемшіліктерге кеңінен тоқталып, тиісті жауапты тұлғаларға тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныс енгізілді.