Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласындағы жұмыс сапары барысында ағартушы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың мұражай-үйіне барды, деп хабарлады Ақорда сайты.
Мемлекет басшысы музейдегі «Ұлттық рухтың ұлы тілі», «Қазақ санасының шамшырағы» және «А.Байтұрсынұлының жұмыс кабинеті» залдарындағы экспозициялармен толықтай танысып өтті.
Жалпы, музейде ұлы қайраткердің өмірі мен шығармашылығына байланысты барлығы 500-ге жуық экспонат жинақталған. Биыл мерейтой қарсаңында “Қазқайтажаңарту” кәсіпорны музей-үйде ғылыми-реставрациялық және музеефикация жұмыстарын толығымен жүзеге асырды.
Сонымен қатар , Мемлекет басшысы Ахмет Байтұрсыновқа арналған ескерткіштің ашылу салтанатына қатысты. Салтанатты жиынға ғалымның туған-туыстары мен шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты.