Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің техникалық жай-күйін зерделеу жөніндегі жұмыс тобының қорытынды кеңесі өтті
Отырысқа ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов, Түркістан облысы әкімінің орынбасарлары және ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне бағынысты мекемелердің өкілдері қатысты.
Жиын барысында Аида Ғалымқызы кесене ғимаратымен танысып, мамандардың баяндамаларын тыңдады. Отырыс барысында мәселелерді шешудің түрлі жолдары ұсынылды.
Өз кезегінде, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Мұратұлы баяндама жасап, министрліктің Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде туындаған мәселелерді шешуге және оның сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған жоспарды таныстырды.
Сонымен қатар, “Қазқайтажаңарту” мекемесі Кесенені сақтаудағы Арнайы зерттеу бағдарламасының іс-шаралар жоспарын ұсынып, толыққанды комплексті зерделеудің маңыздылығын атап өтті.