Үш күнге жалғасқан жұмыс сапарымен, кәсіпорынның бас директоры Махаббат Бигельдиев Түркістан облысына келді. Нысандардың жағдайымен жақынырақ танысып, мән-жайды бағамдап қайтты.
Өз кезегінде, «Отырар» қалашығындағы ғылыми-қайта қалпына келтіру жұмыстарының орындалуын қадағалап, объектілерді түгелдей аралады.
Нысандардағы реставрация, консервация бағытындағы жұмыстар, объектілерді дамытудың бекітілген тұжырымдамалық жоспарына сәйкес жалғастырылуда.
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіндегі ғылыми-қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқан бірқатар нысандардағы жұмыстардың барысын бақылады. Атап айтсақ, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің хал-ахуалын байқап, Қазандық бөлмесіндегі сталактит күмбезінің техникалық жағдайын тексерді. Ішкі талдау жұмыстарын жүргізді. Сәйкесінше, тиісті жауапты мамандарға тапсырмалар жүктелді.
Ұлттық мақтанышымызға айналған, ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра тізіміне енгізілген - Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, санғасырлық түрлі жағдайларды өткеріп, бүгінімізге дейін сол қалпында жетті. Тарихи мұраның қорғалуын, сақталуын қамтамасыз ету, тозуына әкеліп соқтыратын қауіпті жағдайлардың алдын- алу мақсатында Кәсіпорын кесененің жай - күйін жіті зерделеп отырады.