“Қазқайтажаңарту” республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ұжымы, Балаева Аида Ғалымқызын Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалуымен құттықтайды.
Құрметті Аида Ғалымқызы!
Осы жауапты қызметте игі істеріңіздің қашанда оңға басуына, әр қадамыңыздың қарымды болуына, республикамыздың мәдениет, ақпарат саласын дамыту бойынша маңызды міндеттерді табысты жүзеге асыруға, ел - қоғам алдында абыройыңыздың арта беруіне тілектестік білдіреміз!
Ізгі ниетпен, “Қазқайтажаңарту” РМК ұжымы.