Бүгін «Қазқайтажаңарту» кәсіпорнында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Жолдауын насихаттау бойынша ұжымның кездесуі өтті.
Жиында «Қазқайтажаңарту» РМК бас директоры Махаббат Бигельдиев сөз бастап, Президент Жолдауда айтқан басым бағыттарға жіті тоқталып, ұжыммен жан-жақты талқылады.
Жолдаудың өзектілігі мен қазіргі таңдағы көптеген маңызды мәселелерді шешуде бағдар беретін бағдарлама екеніне баса назар аударып, ұжымды Жолдауды іске асыруда белсенділік танытуға шақырды.