Сыбайлас жемқорлық заман ағысымен бірге өркендеп келеді, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай келе жатқан кеселдің бірі. Сыбайлас жемқорлық тек құқық бұзушылық қана емес, ол – мемлекет беделіне деген халықтың сеніміне сызат түсіретін жағымсыз әлеуметтік құбылыс.
Қазіргі кезде қоғам негізгі басымдықтарының бірі ретінде ақпараттық-құқықтық түсіндіру, жалпы құқықтық сауаттылықты арттыру жұмыстарын, қоғамды жаман әдеттен тазарту міндетін маңызды мәселе ретінде қарастырып келеді. Жемқорлықпен күрес арнайы дайындалған мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылуда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Сыбайлас жемқорлықтың себебі мен шарттарын жоймай онымен күресу, бұл – жел диірменмен алысу. Халық әлдебір шенеуніктің немесе басшының жай жауапкершілікке тартылғанын көріп қана қоймай, ол жұмыс істеген мемлекеттік мекемеде енді мұндай жағдайдың қайталанбайтынын дәлелдейтін түбегейлі өзгерістердің орын алғанына куә болуы керек», – деп атап көрсетті.
Біздің «Қазқайтажаңарту» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Батыс Қазақстан филиалы, басқа да мекемелер сияқты, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында қарқынды жұмыс жүргізуде. Мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу саясатын жүзеге асыру бағытында сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жою, оны туындататын себептер мен жағдайларды болдырмау және деңгейін төмендетуге көмектесетін іс-шаралар кешені жасақталды. Жүргізілетін іс-шараларды тиімді ету мақсатында сыбайлас жемқорлыққа көріністерін шектеуге бағытталған іс-шаралар жоспары әзірленеді және жүзеге асырылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңы мен Әдеп кодексі талаптарын бұзудың алдын алу бойынша құқықтық оқыту, құрылыс материалдарын Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес оңтайлы шешу барысында заңға сай мекеме қызметшілерінің қатысуымен, осы тақырыптарда семинар, түсіндірме жұмыстары өткізіліп тұрады.
Еліміздің өркениетін дамытқысы келетін, өз ортасын құрметтейтін Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге, қоғаммен бірге өркендеп, адамзат санасына сіңісіп келе жатқан бұл кеселдің тамырын тереңге жаймауына үлес қосу және оған тосқауыл болуға міндетті.
Жаңа Қазақстан халқы сыбайлас жемқорлықтан таза, болашағы жарқын ел болуы үшін бәріміз осы індетке қарсы қарқынды күресе білейік. Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу - мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметкерлердің, тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы деп білемін.
Құрметты әріптестер сыбайлас жемқорлыққа жол бермейік!
«Қазқайтажаңарту» РМК Батыс Қазақстан филиалының Кадр жөніндегі инспекторы Б. Жусупкалиева