Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министірлігі Мәдениет комитетінің «Қазқайтажаңарту» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Бас директорының бос лауазымына конкурс өткізу туралы хабарлама
1.Конкурстың өткізілетін күні мен орны:
Конкурсқа қатысуға үміткер адам конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде www.e-qazyna.kz веб-порталында ресімделген және ЭЦҚ пайдалана отырып қол қойылған конкурсқа қатысу туралы өтінішті қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндемемен қоса электрондық нысанда ұсынады.
Конкурс қатысушыларына әңгімелесу өткізу күні қосымша хабарланады. Әңгімелесу онлайн түрде жүргізіледі. Байланысуға сілтеме қатысушыларға қосымша хабарланады. Толық ақпаратты +7 (7172) 74-04-59 телефоны бойынша алуға болады.
2.Орналасқан орны, пошталық мекенжайы, телефонын көрсете отырып, Кәсіпорынның атауы, оның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министірлігі Мәдениет комитетінің «Қазқайтажаңарту» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (әрі қарай - Кәсіпорын) Алматы қаласы, Медеу ауданы, Гоголь көшесі 37 үй мекен-жайында орналасқан, тел. 8 (727) 382-42-81, email: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра..
Кәсіпорын қызметінің мәні - тарихи және мәдениет ескерткіштерін консервациялау, қайта жаңарту, қайта жасау, жөндеу және бейімдеу жөніндегі жұмыстарды орындау болып табылады.
3. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау, гуманитарлық пәндер бойынша, тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдер даярлау) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе бизнес, басқару және құқық және/немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы (сәулет, құрылыс, машина жасау) және/немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және/немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмысы) бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;
Республикалық, облыстық маңызы бар, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалалардың, астананың реставрациялау жұмыстары ұйымдары үшін: Мәдениет саласында немесе басшылық лауазымдарда 5 жылдан кем емес, немесе Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін 5 жылдан кем емес, немесе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша немесе Жұмыс органы бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарын аяқтаған адамдар үшін және кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау, гуманитарлық пәндер бойынша, тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдер даярлау) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе бизнес, басқару және құқық және/немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы (сәулет, құрылыс, машина жасау) және/немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және/немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмысы) бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін мәдениет саласында немесе басшы лауазымдарда 4 жылдан кем емес. Білуге тиіс:
Конституцияны;
Бюджет кодексін;
Еңбек кодексін;
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін;
"Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", "Мәдениет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Мемлекеттік сатып алулар туралы", "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын;
дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету қағидаларын;
ішкі еңбек тәртіптемесінің, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптарының тәртібін.
4. Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді ұсыну мерзімі
Конкурсқа қатысуға үміткер адамдар үшін құжаттарды қабылдау www.e-qazyna.kz веб-порталында конкурс өткізу туралы хабарламаның жарияланған күннен кейін 7 (жеті) жұмыс күні өткен соң аяқталады.
5. Конкурсқа қатысуға үміткер адамдардан құжаттар қабылдау басталатын күн www.e-qazyna.kz веб-порталында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап айқындалады. Конкурсқа қатысуға үміткер адамдар үшін құжаттарды қабылдау www.e-qazyna.kz веб-порталында конкурс өткізу туралы жарияланған күннен кейін 7 (жеті) жұмыс күні өткен соң аяқталады.