Дана халқымыз : «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», дейді.
Әйелдер қауымы - табиғатынан кішіпейілділіктің, адамгершіліктің және мейірімділіктің айнасы. Сондықтан, ол бүкіл қоғамның арқауы ретінде келісім мен тұрақтылықтың нығаюына ықпал етеді.
«Ер елдің иесі, әйел – үйдің киесі» дегендей отбасындағы береке - бірлікке, өмірдегі әсемдік пен нәзіктікке жолбасшы бола жүріп, айналасына инабаттылықтың нұрын сепкен аналарымыз бен қыз - келіншектерімізді келіп жеткен Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Көктем мерекесі көңілдеріңізге қуаныш сыйлап, жүздеріңізге нұр шашсын.
Әрқашан шаңырақтарыңызда береке болып, үйлеріңізден жылылық кетпесін. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, жанұяларыңызға береке - бірлік тілейміз!
Ізгі ниетпен, “Қазқайтажаңарту” ұжымы