Белгілі жазушы Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының хатшысы, Президент және “Алаш” сыйлықтарының иегері, “Парасат” орденінің иегері Жұмабай Шаштайұлы өмірден өтті.

Жұмабай Шаштайұлы - 1950 жылы 10 қазанда Жамбыл ауданына қарасты Жамбыл ауылында туған.
Еңбек жолында «Коммунизм жолы», «Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан», «Жас Алаш» газеттерінде, «Жалын» журналында қызмет етті. Халықаралық «Заман-Қазақстан» газетінің және «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, сондай-ақ Қазақ радиосының бас редакторы қызметін атқарды.

Жазушының «Қызыл қар», «Жала мен нала», «Жыр жолбарыс» , «Біздің заманның Аяз биі», «Жаңғырық» атты жинақтары мен романдары оқырманның жүрегінен орын тапты.

“Қазқайтажаңарту” кәсіпорнының ұжымы өз заманының қарымды қаламгері Жұмабай Шаштайұлының отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз.

FaLang translation system by Faboba
Мы в социальных сетях