«Қазқайтажаңарту» РМК мамыр айындағы жұмыстары.
2018 жылдың мамыр айында Ескі Түркістанның бекініс қабырғаларын қайта қалпына келтіру бойынша темірбетон іргетас салынып, қабырғалары қалана бастады.
Қазақстан, Қытай және Қырғызстан мемлекеттері 2014 жылы ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізіміне дайындаған «Жібек жолы: Чанъ’ань-Тянь-Шань дәлізінің жеті маршруты» сериялы номинациясын бірлесе отырып сәтті жүзеге асырғаннан кейін, қазақ және қытай мамандары осы ескерткіштерді халықаралық Бүкіләлемдік мұралар конвенциясына сәйкес басқару және сақтау бойынша біріккен шаралар жасауда. Осы бағыттағы жұмыстарға жаңа серпін беру мақсатында және екі ел арасындағы мәдени мұраларды сақтау саласындағы өзара қарым-қатынасты одан ары дамыту үшін ҚХР Мәдени мұра мемлекеттік әкімшілігінің (SACH) орынбасары Сун Синь Чао мырза бастаған делегациясы елімізге арнайы келді. Делегация құрамында Ескерткіштерді қорғау жөніндегі департамент директорының орынбасары Янь Ялинь мырза және кадр қызметінің директоры Тунь Вэй ханым болды.
«Қазқайтажаңарту» кәсіпорны Ақтөбе қалашығы, Құлан қалашығы және Қостөбе қалашығы сияқты «Жібек жолы» сериялық номинациясы ескерткіштерімен таныстыру үшін Жамбыл облысына сапар ұйымдастырды.
Облыстық мәдениет басқармасының, облыстық ескерткіштерді қорғау жөніндегі инспекцияның және «Ежелгі Тараз ескерткіштері» қорық-музейінің өкілдерімен нәтижелі кездесулер өтті.
Сонымен қатар "Қазқайтажаңарту" кәсіпорнының бас директоры Ж.Әубәкір елімізге арнайы келген делегацияны қабылдап, қарым-қатынасты дамытудың келешегіне байланысты шараларды талқылап, ҚР МСМ «Қазқайтажаңарту» РМК мен ИКОМОС-Сиань (IICC- X) мәдени мұраны сақтау халықаралық орталығы арасында меморандумға қол қою мәселелерін қарастырды.
(11.06.2018)
"Қазқайтажаңарту" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны сәуір айынан бастап 2018 жылға жоспарланған жұмыстарды бастап кетті. Байтақ жеріміздің қасиетті мекендеріндегі тарих және мәдениет ескерткіштерін қайта қалпына келтіру жұмыстары Мәдениет және спорт министрлігінің арнайы тапсырысы бойынша жүзеге асады. Биылғы жылы қала құрылысы және сәулет ескерткіштері, археология ескерткіштері және ансамбльдер бойынша 23 тарихи нысандарға қайта қалпына келтіру жұмыстары жоспарланған. Болашақта әр ескерткіште жасалған жұмыстарды мерзімімен хабарлап отыру жоспарымызда бар.
Сығанақ (Сунақата) Қалашығы, VI–ХIХ ғасырлар.
(Қалашық ескерткіштерін қайтажаңғырту және тұмшалау, Қызылорда облысы)
(01.05.2018)
"Қазқайтажаңарту" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны сәуір айынан бастап 2018 жылға жоспарланған жұмыстарды бастап кетті. Байтақ жеріміздің қасиетті мекендеріндегі тарих және мәдениет ескерткіштерін қайта қалпына келтіру жұмыстары Мәдениет және спорт министрлігінің арнайы тапсырысы бойынша жүзеге асады. Биылғы жылы қала құрылысы және сәулет ескерткіштері, археология ескерткіштері және ансамбльдер бойынша 23 тарихи нысандарға қайта қалпына келтіру жұмыстары жоспарланған. Болашақта әр ескерткіште жасалған жұмыстарды мерзімімен хабарлап отыру жоспарымызда бар.
Бұрынғы нан өнімдері министрлігінің ғимаратындағы субұрқақты қалпына келтіру (қазіргі - "Мәдениеттерді жақындастыру орталығы "Мемлекеттік мұражайы" Республикалық мемлкеттік қазыналық кәсіпорны),
Алматы қаласы
(01.05.2018)
"Қазқайтажаңарту" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны сәуір айынан бастап 2018 жылға жоспарланған жұмыстарды бастап кетті. Байтақ жеріміздің қасиетті мекендеріндегі тарих және мәдениет ескерткіштерін қайта қалпына келтіру жұмыстары Мәдениет және спорт министрлігінің арнайы тапсырысы бойынша жүзеге асады. Биылғы жылы қала құрылысы және сәулет ескерткіштері, археология ескерткіштері және ансамбльдер бойынша 23 тарихи нысандарға қайта қалпына келтіру жұмыстары жоспарланған. Болашақта әр ескерткіште жасалған жұмыстарды мерзімімен хабарлап отыру жоспарымызда бар.
Арыстанбаб кесенесі
Оңтүстік Қазақстан облысы
«Қазқайтажаңарту» РМК баспасөз қызметі (01.05.2018)

Аппақ Ишан сәулет кешені, XIX ғасыр (мешіт; медресе; дәрісхана).
(Қайтажаңғырту, Оңтүстік Қазақстан облысы)
«Қазқайтажаңарту» РМК баспасөз қызметі (01.05.2018)
Үстіміздегі жылдың 5 сәуірінде «Қазқайтажаңарту» РМК-ның қызметкерлері «Таңбалы» Археологиялық ландшафт петроглифтері ескерткішінде биылғы жылы атқарылатын жұмыстарды талқылау мақсатында "Таңбалы" мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық музейіне барды.
Кездесуге «Қазқайтажаңарту» РМК тарапынан кәсіпорынының бас директоры Ж.М.Әубәкір, техникалық өндіріс бөлімінің инженері М.С.Аралбаева, жұмыстарды атқарушылары Н.А.Бекбергенов, Ұ.А.Аманбай және «Қазқайтажаңарту» РМК кәсіпорынының Ғылыми-зерттеу және жобалау филиалының бас архитекторы Г.М.Камалова, археолог Ф.П.Григорьев, архитектор С.Соколова, "Таңбалы" қорық музейі тарапынан директоры Абай Садуақасұлы, археолог, бас директордың ғылым жөніндегі орынбасары Б.А.Железняков, бас директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары А.Сарбас, ғылыми-зерттеу бөлімінің басшысы Р.Шарипов, аға ғылыми қызметкер Бұрсынов қатысты.
Кездесу барысында «Таңбалы» Археологиялық ландшафт петроглифтері ескерткішін туристердің келуіне ыңғайлы етіп абаттандыру және петроглифтерді қайтажаңғырту шаралары талқыланып, биылғы жылы атқарылатын негізгі жұмыс түрлері айқындалды.
«Қазқайтажаңарту» РМК баспасөз қызметі (06.04.2018)
Страница 36 из 37