Қазақстан, Қытай және Қырғызстан мемлекеттері 2014 жылы ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізіміне дайындаған «Жібек жолы: Чанъ’ань-Тянь-Шань дәлізінің жеті маршруты» сериялы номинациясын бірлесе отырып сәтті жүзеге асырғаннан кейін, қазақ және қытай мамандары осы ескерткіштерді халықаралық Бүкіләлемдік мұралар конвенциясына сәйкес басқару және сақтау бойынша біріккен шаралар жасауда. Осы бағыттағы жұмыстарға жаңа серпін беру мақсатында және екі ел арасындағы мәдени мұраларды сақтау саласындағы өзара қарым-қатынасты одан ары дамыту үшін ҚХР Мәдени мұра мемлекеттік әкімшілігінің (SACH) орынбасары Сун Синь Чао мырза бастаған делегациясы елімізге арнайы келді. Делегация құрамында Ескерткіштерді қорғау жөніндегі департамент директорының орынбасары Янь Ялинь мырза және кадр қызметінің директоры Тунь Вэй ханым болды.
«Қазқайтажаңарту» кәсіпорны Ақтөбе қалашығы, Құлан қалашығы және Қостөбе қалашығы сияқты «Жібек жолы» сериялық номинациясы ескерткіштерімен таныстыру үшін Жамбыл облысына сапар ұйымдастырды.
Облыстық мәдениет басқармасының, облыстық ескерткіштерді қорғау жөніндегі инспекцияның және «Ежелгі Тараз ескерткіштері» қорық-музейінің өкілдерімен нәтижелі кездесулер өтті. 
Сонымен қатар "Қазқайтажаңарту" кәсіпорнының бас директоры Ж.Әубәкір елімізге арнайы келген делегацияны қабылдап, қарым-қатынасты дамытудың келешегіне байланысты шараларды талқылап, ҚР МСМ «Қазқайтажаңарту» РМК мен ИКОМОС-Сиань (IICC- X) мәдени мұраны сақтау халықаралық орталығы арасында меморандумға қол қою мәселелерін қарастырды.

(11.06.2018)

image41image42image43image44image45image46image47image48image49image50

FaLang translation system by Faboba
Мы в социальных сетях