«Қазқайтажаңарту» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Тараз филиалы 1998  жылдан бастап «Қазқайтажаңарту» РМК Тараз филиалы болып қызмет атқарып келе жатыр. Кәсіпорын филиалының негізгі міндеттерінің бірі Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткіштеріне қайта жаңғырту, консервациялау, регенерациялау жұмыстарын жүргізу.

Тараз филиалының әкімшілік-басқару құрылымында 1 Бас бухгалтер, 1 заңгер-кеңесші, 1 экономист, 1 жетекші инженер, 1 экономист, 1 кадр инспекторы, 1 механик, 1 аумақ басқарушысы, 1 шебер қызмет атқарады.

Кәсіпорын филиалының негізгі қызметінің мәнi тарих және мәдениет ескерткiштерiнде ғылыми-жаңғырту, регенерациялау және мұражайландыру жұмыстарын орындау болып табылады.

«Қазқайтажаңарту» РМК Тараз филиалы 1998 жылдан бері үздіксіз қызмет етіп келе жатыр. Осы уақыт аралығында Тараз филиалы негізінен Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан аумағындағы ескерткіштерді қайта қалына келтірді.

Тараз филиалы Баласағұн сарай кешені, Абдул ишан мешіті, Дәуітбек, Әулие ата кесенелері, Ақыртас кешені, Тараз қалашығы, Шоқай Датқа кесенесі секілді республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ауқымды қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізді.

«Қазқайтажаңарту» РМК Тараз филиалы Тараз қаласының 2000  жылдық мерейтойына орай  «Ежелгі тараз ескерткіштері» қорық-мұражайына қарасты ескерткіштерге қайта жаңғырту жұмысын атқарды.

Осы санаттағы, ешқандай материалдар бар.

FaLang translation system by Faboba
Мы в социальных сетях