Скачать (docx)

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

  1. Орналасқан орнын, пошталық мекенжайын, телефонын көрсете отырып, кәсіпорынның атауы, оның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министірлігі Мәдениет комитетінің «Қазқайтажаңарту» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (әрі қарай - Кәсіпорын) Алматы қаласы, Медеу ауданы, Гоголь көшесі 37 үй мекен-жайында орналасқан, тел. 8 (727) 382-42-81

Кәсіпорын қызметінің мәні тарихи және мәдени ескерткіштерді жөндеу, реставрациялау, консервациялау, қалпына келтіру бойынша жұмыстарды жүзеге асыру болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты ҚР тарихи, мәдени және архитектура ескерткіштерін жөндеу, реставрациялау, консервациялау, қалпына келтіру бойынша жұмыстарды орындау болып табылады. 

2. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:Кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау, гуманитарлық пәндер бойынша, тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдер даярлау) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе бизнес, басқару және құқық және/немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы (сәулет, құрылыс, машина жасау) және/немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және/немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмысы) бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;

Республикалық, облыстық маңызы бар, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалалардың, астананың реставрациялау жұмыстары ұйымдары үшін:

Мәдениет саласында немесе басшылық лауазымдарда 5 жылдан кем емес, немесе Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін 5 жылдан кем емес, немесе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша немесе Жұмыс органы бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарын аяқтаған адамдар үшін және кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау, гуманитарлық пәндер бойынша, тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдер даярлау) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе бизнес, басқару және құқық және/немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы (сәулет, құрылыс, машина жасау) және/немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және/немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмысы) бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін мәдениет саласында немесе басшы лауазымдарда 4 жылдан кем емес.

 3. Лауазымдық міндеттері:

- Кәсіпорынның жұмысына жалпы басшылықты және тарихи-мәдени және сәулет нысандарында жөндеу, қалпына келтіру және құрылыс жұмыстарын жүргізудегі жұмысшылардың қызметіне бақылауды жүзеге асырады;

- Кәсіпорынның өндірістік, әкімшілік, шаруашылық және қаржылық-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды;

- Кәсіпорын мүлкінің сақталуына және тиімді пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмысын ұйымдастырады;

- Кәсіпорынның саясаты мен стратегиясын айқындайды, оның бөлімшелерінің, филиалдарының жарғылық қызметті жүзеге асырудағы, ғылыми-зерттеу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізудегі, сондай-ақ мемлекет пен қоғамның мүддесі үшін Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау мен пайдаланудағы жұмысын үйлестіреді;

- Ұйым қызметінің бағыты бойынша тұжырымдаманы, жоспарларды, бағдарламаларды және жобаларды әзірлеуге қатысады, олардың орындалуы бойынша жұмысты бақылайды;

- Өз қызметін ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен және филиалдармен өзара іс-қимылда жүзеге асырады;

- Ескерткіштерді зерттеу бойынша жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз етеді, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану мақсатында ғылыми-реставрациялау, зерттеу жұмыстары саласында әдістемелік құралдарды әзірлеуге қатысады;

- Тарихи-мәдени мұра объектілерінің бүтіндігін және сақталуын, консервациялау мен реставрациялаудың жай-күйі мен оларды дұрыс есепке алуды қамтамасыз етеді;

- Шарттық міндеттемелердің уақтылы және толық орындалуын, жеткізушілермен, тапсырыс берушілермен қаржылық-шаруашылық операциялардың ресімделуін қамтамасыз етеді;

- Кәсіпорынды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін дамыту, еңбек жағдайын жасау бойынша шаралар қабылдайды;

- бас директордың орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелер мен филиалдардың басшылары мен мамандары арасында жекелеген жұмыс бағыттарын бөледі.

4. Білуге тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясын; Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін; Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін; Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін; Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін; Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін; «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мәдениет туралы», «Мемлекеттік қызметтер туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы», «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын;.

5. Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері (қосымшалармен);5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері немесе жұмыскердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған архивтік анықтама;6) 075-у нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;7) жеке куәліктің көшірмесі;8) адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәлімет (кандидатпен EGOV арқылы алынады).Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған сәттен бастап 15 (он бес) күн ішінде
2024 жылғы «14» мамырдан бастап 2024 жылғы «28» мамырға дейін жүргізіледі. 6. Конкурстың өткізілетін күні мен орны:Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8 «Министрліктер үйі» ғимараты, 14 кіреберіс.Конкурс қатысушыларына әңгімелесу өткізу күні қосымша хабарланады.Құжаттар қолма-қол немесе пошта арқылы: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 14-кіреберіс, 676 кабинет мекенжайы бойынша қабылданады.Толық ақпаратты +7 (7172) 74-04-59 телефондары бойынша алуға болады.

FaLang translation system by Faboba
Мы в социальных сетях