Алматы облысы, Жаркент қаласындағы «Жаркент мешіті» сәулеттік- көркемдік музей кешеніндегі ғылыми- ресиаврациялық жұмыстары аяқталды.

Нысанды «Қазқайтажаңарту» РМК бас директоры Махаббат Бигельдиев аралап қайтты.

WhatsApp Image 2021 11 19 at 111440

Тарихтан бастау алсақ, «Жаркент мешіті» сәулеттік- көркемдік музей кешені – ХІХ ғ. сәулет өнері ескерткіші. Құрылыс жұмыстары Пекиннен шақырылған Қытай маманы, инженер–Хон Пиктің басшылығымен жүргізілген. Кешеннің ең басты нысанының маңыздысы - мешіт ғимараты болып табылады. Тарихи нысан ағашты қиюластыру арқылы, шегесіз салынған.

Кешеннің нысандар: мешіт ғимараты, басты кіру – порталы, медресе, дұға оқитын үй, қақпа – қоршаулар.

Қарқынды түрде жүргізілген жұмыс түрлерінің барысы және сапалы орындалуы Кәсіпорынның жіті назарында болды.

WhatsApp Image 2021 11 19 at 111501

Нысанның қалпына келтіру жұмыстары арнайы реставратор мамандардың көмегімен жүзеге асырылды. 130 жылдық тарихы бар тарихи нысанның шатыр жабыны толық жаңартылып, қасбеті  реставрацияланды.

 

WhatsApp Image 2021 11 19 at 111502

Бұдан өзге, аралау барысында 2022 жылға жоспарланған жұмыс түрлері нақтыланып, атқарылатын жұмыстар белгіленді.

 

FaLang translation system by Faboba
Мы в социальных сетях