«Қазқайтажаңарту» РМК бас директоры Махаббат Бигельдиев "Жамбыл музей-үйі" кешеніндегі жүргізіліп жатқан ғылыми-реставрациялық жұмыстардың барысын қадағалап қайтты.
Сәйкесінше, кесенеге жүргізіліп жатқан қалпына келтіру жұмыстары және музей-үйіндегі музеефикация бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.
Жиында, қалпына келтіру жұмыстарының сапалы және мерзімге сәйкес уақытылы аяқталуын тиісті жауапты мамандарға тапсырды.
Тексеру барысындағы анықталған бірқатар мәселелер пысықталып, егжей-тегжейлі қарастырылды.