Қазақстан Республикасының Парламент Сенатының депутаттары Жүсіп Нұртөре Байтелесұлы, Нукетаева Динар Жусупалиевна, Макежанов Сұлтанбек Алмасбекұлының қатысуымен, «Қазқайтажаңарту» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның 2021 жылы жоспарланған нысандардағы ғылыми – реставрациялық жұмыстардың барысымен танысты.
Басқосуда, «Қазқайтажаңарту» РМК бас директоры Бигельдиев Махаббат Садуақасұлы Кәсіпорынның негізгі бағыты және биылғы жылдың жоспарындағы ғылыми-қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандарға кеңінен тоқталды. Сонымен қатар, аймақтарда орналасқан филиалдардың өндірістік базасындағы өнімдердің жасалу технологиясын да айтып өтті.
Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтап қалу мақсатында құрылған бұл Кәсіпорын, әр нысандағы реставрациялық жұмыстар барынша аутентивті, сапалы және жоғары деңгейде жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.
Саланың барлық маңыздылығын ескере отырып, оның әрі қарай дамыту бағытындағы бірқатар ұсыныстар қаралып, Кәсіпорынның күрделенген проблемалық мәселелері көтерілді.