1-8 шілде аралығында Алматы қаласындағы ЮНЕСКО бюросы, ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра орталығымен және Дүниежүзілік мұра туралы Конвенцияның (ICCROM, ICOMOS, МСОП) консультативтік органдарымен бірлескен онлайн-вебинарлар өтті.
Вебинарларда "Дүниежүзілік мұра туралы Конвенция: қатысушы мемлекеттердің сақтау, басқару және мониторинг жөніндегі негізгі қағидалары, міндеттемелері- Дүниежүзілік мұра және орнықты даму", "Дүниежүзілік мұра объектілерінің айналасындағы аумақты жоспарлау: проактивті жоспарлау және әсерді бағалау","Дүниежүзілік мұра объектілеріндегі тәуекелдер мен табиғи апаттарға дайындықты жоспарлау" сынды маңызды тақырыптар қозғалды.
Аталған іс-шараға, Орталық Азияның Дүниежүзілік мұра объектілерін басқаруға тартылған барлық ұйымдардың қызметкерлері, уәкілетті мемлекеттік органдардың мүдделі өкілдері, сондай-ақ ғылыми-зерттеу ұйымдарының мамандары қатысты.
Вебинар барысында спикерлер мен қатысушылар арасында, өңір проблемаларына қатысты бірқатар өзекті тақырыптар қозғалып, сұрақтарға жауап берілді.