Бүгін Әшімжан Жанарбек Садықанұлының төрағалығымен, «Nur Otan» партиясы жанындағы «Miras» республикалық қоғамдық кеңес отырысы өтті. Отырыс онлайн ZOOM форматында жүргізілді.

Отырыс барысында, алғашқы сөз кезегі, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызы Раимкуловаға берілді. Күн тәртібіндегі, «Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасын іске асырудың Жол картасында айқындалған,  Ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу, тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау, мәдениет объектілерін салу және жөндеу бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстарға толықтай баяндама жасады. Жол картасымен үндестірілген, 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру шеңберіндегі іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.  

Келесі сөз кезегінде, «Қазқайтажаңарту» РМК бас директоры Махаббат Бигельдиев, Сайлауалды тұғырнаманың Жол картасын іске асыру бойынша, Кәсіпорынның 2021 жылға бекітілген жылдық жоспарына сәйкес, нысандардың қалпына келтіру, реставрациялау, консервациялау  бағытындағы жасалып жатқан жұмыстардың жағдайымен егжей-тегжейлі таныстырды. "Жібек жолы: Ферғана-Сырдария дәлізі" жобасының трансұлттық номинациясы бойынша, ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра тізіміне енгізілетін нысандардың ғылыми-жобалау құжаттарының дайындалып жатқандығын айтып өтті.

Сонымен қатар, Ке­ңес мүшелерінің пікірлері талқы­­ланып, тарихи мұраларды сақтап қалу және қалпына келтіру жұмыстары бойынша ұсыныстар тыңдалды.

Отырыс соңында, айтылған бар­лық пі­кірлерді, ұсы­ныс­тарды хаттамаға енгізу және жа­уап­ты тұлғалардың назарына жет­кізу жөнінде тапсырмалар бе­рілді.

 

WhatsApp Image 2021 06 22 at 182755WhatsApp Image 2021 06 22 at 182755 2

WhatsApp Image 2021 06 22 at 182755 3WhatsApp Image 2021 06 22 at 182755 1

FaLang translation system by Faboba
Мы в социальных сетях