Бүгін «Мәдениет және спорт министрлігі - Адалдық алаңы» жобасы өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазқайтажаңарту» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның филиалдарымен «Сыбайлас жемқорлықты жою – Ұрпаққа аманат» атты тақырыбы бойынша онлайн-семинар отырысы өтті.
Онлайн-семинар барысында сөз алған жоба кеңсесінің басшысы Марат Болысбекұлы Камзолдаев «Мәдениет және спорт министрлігі - Адалдық алаңы» жобасының басты мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әр азаматтың міндеті. Міндетіміз – азаматтық жауапкершілік ұрпақ тәрбиесі екендігін айта кетті. Сонымен қатар, жобаның алға қойған міндеттерді іске асыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының, негізгі талаптары жемқорлыққа жол бермеу болып табылатын нормативтік актілерді мүлтіксіз орындау, әр азаматтың, мемлекеттік қызметте істейтін қызметкерлердің, лауазымды тұлғалардың заң ұғымын жете білу, жауапкершілікпен қарау, елге адал қызмет ету бағыттары бойынша алдын-алу, күшейту жұмыстары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты түсіндіру аясында онлайн-семинарлар, кездесу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келетіндігін атап өтті.
Келесі кезекте сөз тізгінін алған Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кеңесшісі Жазира Жақсылыққызы Жылқышиева сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң аясында енгізілген өзгерістерге тоқталып, толыққанды түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жиын қорытындысы бойынша, жоба кеңсесінің басшысы Марат Болысбекұлы Камзолдаев жоба қатысушыларына алғысын білдіріп, аталмыш жобаның іске асыру бағытындағы іс шаралардың орындалуын тапсырды.