«Қазқайтажаңарту» РМК бас директоры Махаббат Бигельдиевтің қатысуымен Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің Қазандық бөлмесіндегі сталактит күмбезінің жағдайына байланысты комиссия отырысы өтті.

Жиын барысында “Қазақ  құрылыс және сәулет ғылыми - зерттеу және жобалау институтының”  жүйелік талдау секторының меңгерушісі - Макиш Нұрахмет Мұхамедиярұлы Қазандық бөлмесінің сталактит күмбезінің техникалық жағдайын тексеру нәтижелері бойынша ғылыми - техникалық есебімен егжей-тегжейлі  таныстырып өтті. Қорытынды есепте комиссия мүшелерінің назарына «Қожа Ахмет Яссауи  кесенесінің құрылысы мен реставрация тарихы туралы кейбір мәліметтер» тақырыбында презентация, схемалық жоспарлар және құрылыстың тілімдері, фотоматериалдар ұсынылды.

Сондай-ақ, бұл есеп кесене күмбезінің құрылымдарын визуалды және аспаптық тексеруге негізделген және  кесененің құрылысы мен оны пайдалану кезеңінде күшейтуге қатысты қолжетімді мұрағаттық материалдар алдын ала зерделенген.

Жалпы алғанда, отырыс аясында, күмбездің техникалық жағдайын нығайту және алдын-ала ұсыныстарды әзірлеу үшін, айтулы мәселелер бойынша мазмұнды пікір алмасу болды.

 

151176050 1127343884372900 7562933913715018452 n151346663 1127343957706226 3531725893176607890 n151461718 1127344001039555 8851152290331015388 n

FaLang translation system by Faboba
Мы в социальных сетях