Ежелгі Түркістан қалашығының XVII-XVIII ғасырларға тиесілі Дарбазакакпасының қорған қабырғасы ғылыми-реставрацияланды. Бас қақпаның батыс жағындағы қорған қабырғасы көне қалпына, яғни үзындығы 42,2 метр, ені 1 метрге дейін, биіктігі 8 метрге дейін етіп қайта салынды.
Алдымен қабырғаның орны анықталып, тазартылды. Сваймен нығайта отырып, іргетасы қаланды. Барлық топырақпен жанасатын темір бетонды элементтер гидрооқшауланды.
Қабырға түрғызылған соң сырты арнайы реставрациялық кірпішпен қапталды. Қаланған кірпіштердің аралары қолмен әрленді.